ДӘУІТ (ғ.с.) ДҰҒАСЫ
ДӘУІТ (ғ.с.) ДҰҒАСЫ
08.01.2020 09:03
238
0

Дәуіт (ғс) оразасы дегенді үнемі естіп жүреміз. Ол кісі бір күні ауыз бекітіп келесі күні ауызы ашық яғни күнара оразалы ғұмыр кешкен. Сұңғыла елші сол оразаны мақтаған.

Ал Дәуіт (ғс) дұғасының бір ерекше нәзіктігі сұлулығы бар. Оныда Дарабоз елші жеткізген болатын. Дәуіт (ғс) былайша дұға ететін: « Уа, Аллаһым! Сенен Сені сүюді, Сені сүйетіндерді сүюді һәм Сенің сүйіспеншілігіңе қауыштыратын бір өмір сүруді қалаймын.

Аллаһым! Саған деген сүйіспеншілікті маған өз жанымнан, отбасымнан және суық судан да бағалы ете көр!» - деп жалбарынатын еді. (Риядус-салихийн, 1493)

Бізге де нәсіп ете көр Уа Аллаһ!

Берікбай ГЕРМАНҰЛЫ

0 пікір