Дәреттің сүннеттері.6-сүннет
Дәреттің сүннеттері.6-сүннет
27.07.2015 10:20
2568
0

      Дәретті толық кәміл етіп алу 

       Абу Һурайра (р.а.): «Алла елшісінің (с.ғ.с.): «Менің үмбетім қиямет күні шақырылған кезде дәреттің ізі ретінде дәрет алған мүшелері нұрдай жарқырап, жалтырап келетін болады. Олай болса, кімнің мүмкіндігі бар болса, осы жалтырауын арттырсын» дегенін айтады.

       Тағы бір хадисте: «Абу Һурайра (р.а.) дәрет алды, жүзін жуды, қолдарын жуды, қолдарын жуып жатқанда (білегінен асырып) иығына дейін жуды. Содан соң аяқтарын, тіпті балтырларына дейін жуды. Сосын: «Мен Алла елшісінің (с.ғ.с.) үмбетімнің қиямет күні дәрет алынған жерлерінің  жалтырап, нұрланып келеді дегенін естідім» - деді.

       Алла елшісінің (с.ғ.с.) «Мүминнің сәні – дәреттің жеткен жеріне дейін» деген хадисі бар.

       Кейбір хадистерде осы нұр жылқы малының қасқасына теңелген.

       Бір сахаба: «Уа, Алла елшісі (с.ғ.с.), сіз үмбетіңізді көрмеген болсаңыз қалай танисыз?» - деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): Сендер қара, қызыл жылқылардың арасынан маңдайлары мен аяқтары қасқа болған жылқыларды танымайсыңдар ма? Мен де олардың дәрет алған жерлерінің жалтырағанынан тез танимын» - деген.

       Бұл хадистерде Алла елшісі (с.ғ.с.) дәреттің аса пайдалы екендігін айтқан. Ақыретте дәреттің себебімен мұсылмандар ерекше бір нұрға бөленетінін, сол нұр арқылы олардың өзгелерден ерекшеленіп тұратындығы айтылған.

 

Дәреттің сүннеттері

Дәреттің сүннеттері. 1- Сүннет.
Дәреттің сүннеттері. 2-сүннет
Дәреттің сүннеттері. 3-сүннет
Дәреттің сүннеттері.4-сүннет

Дәреттің сүннеттері.5-сүннет

0 пікір