Дәреттің сүннеттері.4-сүннет
Дәреттің сүннеттері.4-сүннет
22.07.2015 12:01
1967
0

4 - сүннет: Сақал мен саусақтарды салалау 

 Үшінші халифа Осман ибн Аффанның айтуы бойынша, Алла елшісі (с.ғ.с) сақалын салалап тұратын.

      Салалау деген - саусақтарды сақалдың арасына дендеп енгізу. Анығырақ айтқанда, дәрет алып жатқан кезде саусақтарды сақалдың түбіне дейін жеткізіп, қозғау, тарамдау.

      Ал саусақтарды салалау деп - бір саусақтың арасына екінші саусақты тарамдап енгізуді айтамыз. Осылайша судың саусақтар арасына тегіс жетіп жақсылап тазалануын қамтамасыз етеміз.

Сақалды салалауды кейбір ғалымдар ғұсылда да, дәретте де уәжіпке жатқызған. Хасан ибну Салих, Әбу Сәур, т.б осы пікірді ұстанады. Имам Малик, Шафиғи, Аузағи секілді бірқатар шариғатшы  ғалымдар сақалды салалау дәретте уәжіп емес деп ұйғарған. Имам Малик бұл істің ғұсыл кезінде де уәжіп емес екенін айтқан. Имам Шафиғи, Әбу Ханифа және олардың замандастары мен т.б ғылым иелерінің көпшілігі сақалды салалау ғұсыл кезінде уәжіп, ал дәрет кезінде  уәжіп емес деп есептейді.           

Хәзіреті  Әнәс (р.а) былай деген: "Алла елшісі (с.ғ.с) дәрет алған кезде, қолына бір уыс су алып иегінің астында ұстайтын және сол сумен сақалын саралайтын. "Азиз және Жәлил Раббым осылай әмір етті", - дейтін. (Әбу Дәуд, Таһарат, 56)

Сондай -ақ Алла елшісі (с.ғ.с) дәрет алған кезде аяқ башбайларының арасын да  шынашағымен салалайтын. Лақид ибн Сабира деген сахаба Пайғамбарымызға (с.ғ.с) келіп: "Уа, Алланың елшісі(с.ғ.с)  маған дәрет туралы түсіндіріп беріңіз" - деген кезде Алла елшісі (с.ғ.с) былай деген екен: "Дәретіңді толық ал, саусақтарыңды салала, истиншақты жақсылап жаса, ораза болсаң оны әсірелеп жіберме". (Әбу Дәуд, Таһарат, 56)

 Дәреттің сүннеттері

Дәреттің сүннеттері. 1- Сүннет.
Дәреттің сүннеттері. 2-сүннет
Дәреттің сүннеттері. 3-сүннет

0 пікір