Дәреттің сүннеттері. 7-сүннет
Дәреттің сүннеттері. 7-сүннет
31.07.2015 13:26
3916
0

7- cүннет. Су мөлшері 

       Бір күні Сағыд деген сахаба дәрет алып жатқан кезде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оның суды көп мөлшерде қолданып жатқанын байқады да: «Мынау ысырабың не?» - деп сұрайды. Сағыд: «Дәретте де ысырап бола ма?» - дейді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Иә, ағып жатқан өзеннің жағасында отырсаң да» - деп жауап береді.

      Ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан дәрет парызындағы негізгі мәселелердің бірі – дәрет суын ысырап етпеу. Артық су қолдан ысырапқа жатады. Бұл жөнінде мынадай хадистер бар:

      Мысалы, Әнас (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.ғ.с.) 1сағтан 5муд мөлшері аралығында су қолданып жуылатын және 1 муд сумен дәрет алатын».

       Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «1сағ су жүніптіліктен тазартады,  1 муд су дәретке жетеді» - деген.

       Умму Әммараһ (р.а.): «Расулалла (с.ғ.с.) дәрет алды. Ол үшін оған ішінде 3/2 муд көлемінде су құйылған құман әкелінді» - деген.

       Кейбір хадистерде  Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) дәретке және ғұсылға пайдаланған суының мөлшері айтылады. Ол жерде сағ, ритл, маққуқ деген терминдер қолданылады. Біз оны бүгінгі өлшеммен білдіреміз.

       Шәфиғи мәзһабында Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) дәрет үшін қолданған суы 530 грамм, яғни жарты литрден асқан. Ханафи мәзһабы бойынша 1 литрге жуық болған.  Ал ғұсыл үшін қолданған суы Шәфиғи мәзһабында –  2 литр 120 грамм мен 2 литр 650 грамм аралығында болған, ал Ханафи мәзһабында 4литр 24 грамм мен  5 литр 3 грамм аралығында болған.

     Айтылғандарға қарап Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) суды ысырап етпей, дәрет үшін шамамен бір-екі литр су қолданғанын біле аламыз. Ал суды үнемдеп жұмсау – дәреттің маңызды сүннеттеріне жатады.

"Хадис және сүннет" бөлімінен оқыңыздар: 

Дәреттің сүннеттері 

Дәреттің сүннеттері. 1- Сүннет.
Дәреттің сүннеттері. 2-сүннет
Дәреттің сүннеттері. 3-сүннет
Дәреттің сүннеттері.4-сүннет
Дәреттің сүннеттері.5-сүннет
Дәреттің сүннеттері.6-сүннет 

Ұйқыға қатысты  сүннеттер 

Ұйықтауға қатысты Пайғамбар сүннеттері:
Ұйықтауға қатысты Пайғамбар сүннеттері. 1- сүннет.
Ұйықтауға қатысты Пайғамбар сүннеттері. 2- сүннет.
Ұйықтауға қатысты Пайғамбар сүннеттері. 3- сүннет. 

Тамақтану әдебі
Сахаба Мұғаздың (р.а.) ең соңғы сыры
Келіңіздер, екі дүниенің жақсылығын тілейік!

 

 

 

 

0 пікір