БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ....
БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ....
06.11.2020 11:33
380
0

«Бірде Хасан әл-Басриге (оған Алла рақым етсін) кедейлігіне шағым айтушы адам жүгінеді.

Ғалым:

«Алла Тағаладан кешірім сұра!» (күнәларыңа тәубе жасап, кешірім тіле) деді.

Сонан кейін балалары жоқ, бедеулікке душар болған адам келеді. Ғалым оған да:

 «Алла Тағаладан кешірім сұра!» деген екен.

Үшінші кісі бақшасының қурап қалғанын айтады.

Тағы да: «Алладан кешірім сұра!» деді. 

Мұның бәрін де бақылап тұрған басқа кісі:

 «Сен алдыңа кім келсе де, Алладан кешірім сұраудан басқа кеңес айтпадың ғой. Мұның сыры неде?» дейді.

Сонда Хасан әл-Басри:

 «Мен Құранға бір ауыз артық сөз қоспадым» дейді де, мына аятты оқиды:

«Өздеріңнің Раббыңнан кешірім тілеңдер, өйткені Ол – көп Кешіруші аффар). Ол сендерге аспаннан мол жаңбыр жібереді. Сендерді мал-мүліктермен және перзенттермен қолдайды. Сендерге бау-бақшалар өсіріп және сендер үшін өзендер пайда қылады». («Нұх» сүресі, 10-12-аяттар).

 

 

0 пікір