Ақыреттегі 99 мейірім
Ақыреттегі 99 мейірім
09.10.2015 17:18
6222
0

       Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген бір хадисте Алла елшісі (с.ғ.с.) : «Алла тағаланың жүз мейірімі бар. Сол жүз мейірімнің біреуін жер бетіне түсіріп, адамзатқа, жындарға, жан-жануарлар мен жәндіктерге үлестіріп берді. Сол арқылы олар бір-біріне жанашырлық танытып, бір-біріне мейіріммен қарайды. Сол арқылы тіпті, жыртқыш аң да өз төліне мейірімін төгеді. Алла тағала қиямет күні құлдарын шексіз шапағатына бөлеу үшін қалған тоқсан тоғыз мейірімін ақыретке қалдырған» - деген (Бұхари, әдәб 19; Муслим, тәубә 17-19).

0 пікір