АЛЛА ТАҒАЛА БІР ҚҰЛЫН ЖАҚСЫ КӨРСЕ, НЕМЕСЕ ЖЕК КӨРСЕ...
АЛЛА ТАҒАЛА БІР ҚҰЛЫН ЖАҚСЫ КӨРСЕ,  НЕМЕСЕ ЖЕК КӨРСЕ...
09.12.2019 09:24
407
0

Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): Алла Тағала бір құлын жақсы көрсе, Жебірейіл періштені шақырып:

 «Мен пәленше деген құлымды жақсы көремін, сен де оны жақсы көр», - деп бұйырады.  Жебірейіл періште бұл бұйрыққа бірден бойсұнып, Алланың жақсы көрген әлгі құлын ол да жақсы көретін болады.

Содан ол көктегілерге:

«Алла Тағала пәленше деген құлын жақсы көреді, сендер де оны жақсы көріңдер», - деп жар салады. Мұны естіген көктегі періштелер де әлгі адамды жақсы көре бастайды. Сөйтіп ол жер бетінде де (адамдардың) ілтипатына бөленеді. Сондай-ақ, Хақ тағала бір құлын жек көрсе, Жебірейіл періштені шақырып:

«Мен пәленше деген құлымды жек көремін, сен де оны жек көретін бол», - деп бұйырады.  Жебірейіл періште бұл бұйрыққа дереу бойсұнып, әлгі адамды жек көретін болады.

Сөйтіп ол көктегілерге:

«Алла Тағала пәленше деген құлын жек көреді, сендер де оны жек көріңдер», - деп жар салады. Содан бастап әлгі адам жер бетінде де (адамдарға) жеккөрінішті пендеге айналады - деп айтты» - делінген.

 

(Бухари; Муслим риуаят еткен)

0 пікір