Алла Елшісі (с.ғ.с) үзбей оқыған дұға
Алла Елшісі (с.ғ.с) үзбей оқыған дұға
08.02.2018 12:06
1954
0

Атақты сахаба Абдуллаһ ибн Масғудтың (р.а.) жеткізуі бойынша, ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бұл дұғаларды күн сайын таңертең және кешке үзбей оқыған екен[1].

Оқылуы: Асбахнә уә асбахәл-мульку лилләһи уәлхамду лилләһи уә лә иләәһә иллаллаһу уахдәһу лә шәриикә ләһу, ләһул-мульку уә ләһул-хамду уә һуә ‘алә кулли шәй'йн Қадиир.

Рабби инни әс'әлукә хайра мә фи һәзәл-иәуми уә хайра мә ба‘дәһу уә ә‘уузу бикә мин шәрри мә фи һәзәл-иәуми уә шәрри мә ба‘дәһу. 
Рабби ә‘уузу бикә минәл-кәсәли уә суу'йлкибәри. Рабби ә‘уузу бикә мин ‘азәәбин фин-нәәри уә‘азәәбин фил-қабри.

Мағынасы: Біз де, бар билік те Алланың иелігінде болған күйде таң атырдық. Бар мадақ бір Аллаға тән. Одан басқа тәңір жоқ. Ол – ешбір серігі жоқ жалғыз. Бар мадақ пен бар билік бір Аллаға тән. Сондай-ақ, Оның құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді.

Уа, Раббым, бір Өзіңнен осы күннің әрі осыдан кейінгі күндердің жақсылығын тілеймін. Сондай-ақ, осы күннің һәм осыдан кейінгі күндердің жамандығынан сақтай гөр деп бір Өзіңнен пана тілеймін. 
Уа, Раббым, жалқаулықтан және кәріліктің ауыртпалықтарынан сақтай гөр! Уа, Раббым, тозақ азабынан һәм қабір азабынан бір Өзің сақтай гөр!

[1] Сахих Муслим Китәбу әз-зикр уәд-ду’а 4901; Сунәну Тирмизи, Китәбу әд-да’ауат, 3312; Сунәну Әби Дәууд, Китәбу әл-әдәб, 4409.

0 пікір