«Әлхамдулиллах» деп қай кезде айту керек?
«Әлхамдулиллах» деп қай кезде айту керек?
14.10.2015 16:35
11069
0

       Имам Ағзам бір күні шәкірттеріне дәріс беріп жатқанда бір кісі келіп:
-         Саудаға жіберген заттарыңыз артылған кеме суға батып кетіпті, - дейді. Мұны естіген имам байсалды түрде: «әлхамдулиллах» - дейді.
       Біраздан соң тағы біреу келіп:
-         Мырза, бір қателік болыпты, ол кеме сіздің кемеңіз емес екен, - дейді.
       Имам тағы да сабырлы қалпын өзгертпестен: «әлхамдулиллах» - дейді.
       Шәкірттері бұған таңданып ұстазының екі жағдайда да неге әлхамдулиллах деп айтқанын сұрайды. Сонда Имам Ағзам:
-         Кемеңіз батып кетті дегенде жүрегімді тыңдадым. Алайда ешбір қорқыныш байқамадым. Сіздің кемеңіз емес екен дегенде де жүрегімді тыңдадым. Ешқандай қуаныш сезімін байқамадым. Дүниелік нәрселерге жүрегімде ешқандай сүйіспеншілік жоқ болғанын сезгендіктен екеуінде де «әлхамдулиллах» - дедім, - деп жауап береді.

 

0 пікір