Ұят - адам баласындағы тамаша көркем мінездердің бірегейі. Ол күнә мен қылмыс жасаудан, опасыздық пен нашар қылықтардан, қысқасы, аяқты шалыс басудан сақтайды. Сүйікті Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) -ның «Ұялшақтықтың берері тек игілік»,- деген хадисінің мәнін осыдан іздеген дұрыс. Ал, ұяттың кемуі Құдайдан қорқуды да азайтады.
Алла Елшісі (с.ғ.с) хадистерінде:
« Барлық нәрсенің мінезі болады. Ал Ислам дінінің мінезі – ұят».
«Ұят пен иман тығыз байланыста. Егер ұят кетсе екіншісіде бірге кетеді»
«Кімнің жүрегінде қорқыныш пен ұят болмаса , жақсылықтан қол үзгені».
«Ұялу - адамның ұнамсыз істерден қысылып , оларды жасаудан тыйылғаны».
Абай атамыз: «Ұят деген адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойыныңа салып, сөгіс қылған қысымның аты»,-деп сипаттаған екен ...