ҮШ ДЕРТКЕ БІР ЕМ
ҮШ ДЕРТКЕ БІР ЕМ
03.06.2015 10:25
8398
0

 

Бір күні Хасан Басриге бір кісі келіп: «Уа, Әба Саъид! Мен сіңірі шыққан кедеймін. Мал дегеннен түк жоқ. Енді не істейін», - дейді. Хасан: «Алладан (Әстағфирулла деп) кешірім тіле!», -деп жауап қатады.

Сол-ақ екен тағы бір кісі келеді: «Уа, Әба Саъид! Менің егін егетін егістігім бар еді. Бірақ құрғақшылық болып, бір тамшы жаңбыр жаумай кетті ғой. Не істейін?», - дейді жабығып.  Хасан тағы да: «Алладан (Әстағфирулла деп) кешірім тіле!», -деп жауап береді.

Содан соң үшінші бір кісі келіп: «Мен отбасын құрып үйленіп едім. Бірақ перзент сүйе алмай қиналып жүрміз. Не істесек болады?», - деп сұрайды. Хасан бұған да: «Алладан (Әстағфирулла деп) кешірім тіле!», -деп жауап қайырады.

Осының бәрін көріп-біліп тұрғандар: «Әй, Хасан үш адам үш түрлі дертін айтып келді. Үшеуіне де бір жауабыңды қайталап тұрғаның не?», дейді ренжіп.

Сонда Хасан: «Иә, үшеуіне бір жауап бергенім рас. Сендер Алла Тағаланың мына аяттарын естіген жоқ па едіңдер?» деп мына аятты оқып береді: «Күнәларыңа жарылқау тілеңдер. Өйткені Алла тез Жарылқаушы. (1) Ол сендерге аспаннан жауын жаудырады. Егіндеріңнің берекесін береді. (2) Сендерге мал беріп жәрдем етер, (3) бала-шаға беріп қуаттайды. Ол сендер үшін бау-бақшалар, суы мол өзен-дарияларды жаратады» («Нұх» сүресі, 10-11-аяттар)

Құдайдың құдіреті.  Неткен ғажап! Үш сұрақтың жауабы да бір аятта сайрап тұр. Бұрынғы ғалымдар рухани дерттің дәрігерлері болған ғой, жарықтықтар...

 

  Ғибратнама  

Екі бірдей жаза
Нағыз демократия осы емес пе?
Қатемді айтар ма екен?...
Иманына қарай кезекке тұру
Маған көздің қажеті не?
Көздің ғұсылы
Бұйырған кетпейді
Жұмсақтыққа жәрдем келеді
Түшкірудің хикаясы
Ақ қағаздағы қара нүкте
Өмірдің мәнін іздеген адам
Адал жар (ОҚИҒА)
Ақылыңды көрсетсең, Алланы көрсетейін
Мына бір есепті қараңыз
 Тәубешіл құлдың үш тілегі

 

 

 

0 пікір