Үш адам отырып екеуінің сыбырласуы дұрыс па?
Үш адам отырып екеуінің сыбырласуы дұрыс па?
07.08.2019 15:38
372
0

 «(Күнә немесе қастандық жасау ниетімен) естілер-естілмес етіп күңкілдесу – шайтанның азғыруынан» («Мүжәдилә» сүресі, 10-аят).

       Ибн Омар (р.а.): «Алла елшісі (с.ғ.с.): «Үш адам бас қосқанда олардың екеуі үшінші адамның көзінше бір-бірімен сыбырласпасын», - деп айтты», - деген (Бұхари, истизан 45; Муслим, сәләм 36).

       Ибн Масғуд (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі (с.ғ.с.): «Үш адам оңаша қалғанда, басқа адамдардың қатарына қосылмайынша, олардың екеуі өзара сыбырласпасын, өйткені бұл әрекет үшінші адамның көңілін қалдырады», - деп айтты» - делінген (Бұхари, истизан 47; Муслим, сәләм 37).

0 пікір