ҰЛЫН ҮЙЛЕНДІРУ (Ғибрат)
ҰЛЫН ҮЙЛЕНДІРУ (Ғибрат)
01.02.2023 10:59
410
0

Бір мерекелік отырыста үш-төрт кісі əңгіме-дүкен құрып отырғанбыз. Ішімізде бір кісі жанындағына шəй ұзатып жатып:

- Дос, қызыңды ұзатыпсың, енді ұлыңды да үйлендіретін шығарсың?- деді.

Кесені алып тұрып, ол кісіміз:

- Жоқ, ұлым əлі үш жыл оқуы керек. Бұл жақта үй-жай мəселесі де бар. Білесің, анамыз тоқсан жасқа да келіп қалды. Сол анамыз о дүниеге аттанса, келінді оның шаңырағына түсіремін де!- деп жауап берді.

Есім ауып қалайын деді. 

Анасы өлгеннен соң той жасайтын кісіміздің жасы алпысты өңгерген, жоғарғы білімді, ел-жұрт көрген, абыройлы кісі болғандығынан сұсы басып, ешбіріміз үндей алмадық...

Мұны қараңыз, сол əулетте айтылғандай үш жыл өтіп той болды. Жаңа келін кемпірдің үйіне емес, қайынатасының үйіне түсті.

 Өйткені бір жарым жыл алдын жүрек ұстамасынан қайтыс болған ұлының орнына тоқсандағы кемпір немересін үйлендірген еді...

 

0 пікір