ҮЙРЕТУГЕ ДЕ, ҮЙРЕНУГЕ ДЕ АШЫҚ БОЛ!
ҮЙРЕТУГЕ ДЕ, ҮЙРЕНУГЕ ДЕ АШЫҚ БОЛ!
09.04.2020 15:23
1152
0

Бір ғұлама өзеннің жағасында отыр еді. Ол күннің ыстығына шыдай алмай, су ішкісі келген итті көреді. Бір қызығы: ит өзенге келіп, су ішейін деп жатқанда, ішпей кері қашады. Осылай 3-4 рет қайталанған соң, ғұлама иттің судағы өзінің бейнесінен қорқып су ішпей қашатынын түсінеді. Ақырында, шөліне қарсы тұра алмай ит өзенге жүгіріп барып түседі де, судағы бейнесін көрмеген соң, шөлін қандырып су ішеді. Осы орайда ғұлама:

- «Иттің осындай әрекетінен түсінгенім, бір адамның армандары арман болып қалуының басты себебі – адам ішіндегі қорқыныштардан. Егер ішіміздегі қорқынышты жеңе білсек, қалаған мақсатымызға жете аламыз» деген ой түйеді.

Тағы ойланып, үйренген нәрсенің бұдан басқа екенін көреді. Үйренгені – ғұламаның да бір иттен үйренері бар екені. Білгеніңізбен бөлісіңіз, басқа адамдардың үйренері бар шығар... Үйретуге де, үйренуге де ашық болыңыз, өйткені әр адамның міндетті түрде бір білгені мен айтар сөзі бар...

 

0 пікір