УФ-Ф
УФ-Ф
17.04.2020 07:49
2109
0

Ерте, ерте, ертеде, араб шөлдерінде бір бәдеуидің сиқырлы түйесі болады екен.

Бұл түйеге «Уф-ф!» деген кезде, түйе жүреді екен де, «Уф-ф!» десе, желе жөнеледі екен.
«Әмин» дегенде тоқтайды екен.

Осындай сиқырлы түйені бәдеуи бір күні базарға апарып сатпақшы болады. Базардағыларға түйенің қасиеттерін түсіндіріп, жарнамасын жасап, басқа түйелерге қарағанда көбірек ақша сұрап тұрады. Түйені сатып алушылардың біреуі бәдеуиге: «Егер расында да түйе сен айтқандай ақылды болса, еш ойланбастан айтқан бағаға сатып аламын! Бірақ айтқандарыңа көз жеткізуім керек, ол үшін түйеңе мініп көрмекшімін», - дейді.

Бәдәуи келісімін беріп, сатып алушы түйеге мінеді. «Уф-ф!» деп еді, түйе жүріп кетті, «Уф, Уф!» деп еді, түйе желіп кетті. Адам қорыққаннан түйені тоқтату үшін айтылатын сөзді ұмытады. Бір қараса, түйе тіке бір ор жаққа желіп келе жатыр. Тездетіп түйені тоқтатын сөзді есіне түсіре алмаса, орға түсіп өлетіні анық. Адам үмітін үзіп, бар ықыласымен Құдайға жалбырынады. Іштей дұға жасап болып, «Әмин» деп дауысы шыққанда, орға түсуге сәл-ақ қалған түйе тоқтайды. Адам аман-есен қалғанына қуанып, түйенің басын бұрмақ болып терін сүртіп жатып: «Уф-ф!» депті. Түйе қайта желе жөнеліпті...

 

0 пікір