УАҚЫТЫҢЫЗ ҮНЕМІ ЖЕТПЕЙ МЕ? ОНДА НАЗАР САЛЫҢЫЗ!
УАҚЫТЫҢЫЗ ҮНЕМІ ЖЕТПЕЙ МЕ? ОНДА НАЗАР САЛЫҢЫЗ!
01.05.2020 23:44
1250
0

 Уақыт – адамның қолындағы аса құнды байлық.  Оны қалай, қайда жұмсайтыны әркімнің өз қолында.

       Қасиетті Құранда: «Бір іс біткенде дереу екінші іске кіріс, сонымен айналыс, Раббыңа, Оның разылығына қарай ұмтыл!», – делінген («Инширах» сүресі, 7-8-аят).

       Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Екі нығмет бар, адамдардың көпшілігі бұл екеуініңқадір-қасиетін білмей опық жеп қор болады. Біріншісі – денсаулық, ал екіншісі – бос уақыт», - деген. (Бұхари, Риқақ, 1)

       Алпыс жыл өмір сүрген кісі күніне сегіз сағат ұйықтаса, бір жылда 2920 сағат ұйықтайды, яғни 121.1 күн деген сөз. Өмірінің үштен бірі. Ұйқыдан артылған қырық жыл қалды, соның тамақ жеуге 4 жылы, автобус күтуге 5 айы, лифтіде 3 айы, тіс тазалауға 3 айы, бағдаршамда 1 айы, аяқ киім киюге 8 күні кетеді екен.

       «Уақытым жоқ», «үлгере алмадым» демес үшін сіздерге уақытты үнемдеудің тиімді жолдарын ұсынамыз:

1.     Интернет, әлеуметтік желілілердің, теледидардың сізді басқаруына жол бермеңіз.
2.     Ұйқы уақытын реттеңіз.
3.     Ертеңгі күніңізге алдын-ала әрі нақты жоспар жасаңыз.
4.     Алдыңызға мақсат қойыңыз.
5.     Кез-келген істі аяқсыз қалдырмаңыз.
6.     Болмашы істерге қымбат уақытыңызды бөлмеңіз! Cебебі Құранда: «Олар бос және пайдасыз істерден аулақ жүреді» делінген («Муминун» сүресі, 3-аят).
7.     Бос минуттарыңызды бағалаңыз! Қолыңыз қалт етсе уақытыңызды Құран оқуға, дұға жасауға т.с.с. пайдалы істерге жұмсаңыз.
8.     Жылдамдық – уақытты үнемдеудің бір тәсілі. 

 

0 пікір