Түсімде патша едім...
Түсімде патша едім...
09.06.2015 13:00
8286
0
gibrat.kz/

          Бұл өмірдің қиял, түс екеніне еш күмән жоқ, өйткені Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)  бір хадисінде: «Адамдар ұйқыда, өлген кездерінде оянады» деген. Пенде түсінде өте бай болуы мүмкін, жоғары мансап, абырой иесі болып, көп нәрсе істеуі мүмкін, бірақ көз жұмғанда бұлардың ешбірі көмектесе алмайды. Оянған кезде «Менің соншама мүлкім, мансабым, абыройым бар еді, мен қайда келдім, бұл қай жер? Туыстарым, достарым қайда?» деуінің  еш мәні болмайды. Мал-мүлкі, байлығы, бала-шағасы, әйелі, бәрі қалады.

        Кейбір ғалымдар «Адамдар мас, өлген кезде есін жинайды» деген. Яғни мал-мүлік мастығы, атақ-даңқ мастығы, мансап мастығы тек өлген кезде бітеді. Ақиқат мәлім болады, бірақ тым кеш болмақ.

        Сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Қалай өмір сүрген болсаңдар, солай өлесіңдер. Қалай өлсеңдер, солай тірілесіңдер» деген.
        Халифа Харун Рашид бір күні Бәхлүл деген  хазретімен көрісіп, оның хикметті сөздерін тыңдағысы келеді. Қызметшілеріне  оны алып келуін бұйырады. Іздеуге кеткендер оны мазаратта ұйықтап жатқан күйінде тауып алады. Оятқан кезде: «Сендер не істедіңдер? Мені патшалық мансабынан түсірдіңдер. Енді мен не істеймін?» дейді. Патшаның қызметшілері бұл сөздерін айтып берген кезде, халифа мұның сырын түсіне алмайды, алдына келген кезде:
− Ей, Бәхлүл! Сен қай патшалықтан түстің? деп сұрайды.
− Түсімде қандай тамаша патша едім. Зәулім сарайларым, әскерлерім бар еді. Салтанат пен шаттық ішінде едім, алайда сенің адамдарың мені оятты да тағымнан түсірді.
− Түстегі патшалыққа мән беруге бола ма? Қара, көзіңді ашқан кезіңде бәрі біткенін көрдің.
− Менің патшалығым көзімді ашқан кезде бітті, ал сенікі көзіңді жұмған кезіңде бітеді. Арадағы айырмашылық неде? Оның үстіне мен көзімді ашқанымда өмірге келдім. Ал сен көздеріңді жұмғаныңда салтанатыңнан айырыласың және өкінішің басталады, сұраққа тартыласың. Ал енді айтшы, қайсысымыздың  патшалығымызға мән берілуі керек?
         Харун Рашид айтатын сөз таба алмай абдырап қалады.

    Ғибратнама   

Екі бірдей жаза
Нағыз демократия осы емес пе?
Қатемді айтар ма екен?...
Иманына қарай кезекке тұру
Маған көздің қажеті не?
Көздің ғұсылы
Бұйырған кетпейді
Жұмсақтыққа жәрдем келеді
Түшкірудің хикаясы
Ақ қағаздағы қара нүкте
Өмірдің мәнін іздеген адам
Адал жар (ОҚИҒА)
Ақылыңды көрсетсең, Алланы көрсетейін
Мына бір есепті қараңыз
Тәубешіл құлдың үш тілегі
ҮШ ДЕРТКЕ БІР ЕМ
Ықылас
Адам мен Ібіліс
Өлімді ұмытпа, Омар!
БҰРЫНҒЫ КЕЗІМДІ ЕСКЕРТКЕНІҢЕ РАХМЕТ

 

 

 

 

0 пікір