Тіл мен Құлақ
Тіл мен Құлақ
03.05.2019 17:28
1404
0

Әрі сөйлеп, бері сөйлеп, шаршағаннан аздап күрмеле бастаған сөзуар Тіл:

- Әй, құлақ, солай қалқиып тұра бересің бе? Қашанғы мен сөйлеймін? Десеңші бірдеңе! Ал, кәне! – дейді.

- Әй, Тіл! – дейді өмірі аузын ашпайтын Құлақ.

- Мені сөйлетіп қайтесің?! Сен не демедің?! Мен не естімедім?! Соның бәрін айтып берер болсам, өртеніп кетпей ме мына дүние?!

- Несіне қорқасың?! Сөйле! – деп қоймайды қызып алған қызыл Тіл.

- Ал, сайра!

- Қытығыма тие бермей, тоқтат әңгімені! Сенен естігенімнің бәрін айтпай, біреуін-ақ айтсам жетіп жатыр: сен баяғыда-ақ қырқылып кеткен болар едің!..

Қадыр Мырза Әли

 

0 пікір