ТЕК ҚҰСТАРДЫ ҒАНА СҮЙМЕЙМІН
ТЕК ҚҰСТАРДЫ ҒАНА СҮЙМЕЙМІН
24.02.2021 11:20
241
0

Зәнбилли Әли деген өз дәуіріне әйгілі ғұлама өтіпті. Жұртшылық оны сыйлап құрмет етіседі екен. Оның айтатын уағыздары тыңдаушыларын тез баурап алып, терең ойға шомдырады екен. Жаз күндерінің бірінде Зәнбилли Әли үйінің маңындағы бақшада әдеттегідей уағыз айтып отырған. Бір кезде әңгіменің ауаны жаратылыстар, жәндіктер, құстарға барып тірелді. Сол кезде тыңдаушылардың бірі:

-         Ұстаз, сіз құстардың қайсысын көбірек жақсы көресіз, деп сұрақ қойды.

-         Мен тек құстарды емес, бүкіл хайуанаттар мен жан-жануарларды артығымен жақсы көремін, деп жауап қатты.

-         Ал адамдарды ше?

-         Әрине, адамдарды да жақсы көрем, бірақ бәрін емес. Өйткені адамның бәрі жан-жануарлар секілді түгел сүюге лайық бола бермейді. Кейде адамдар іс-әрекеттері, мінез-құлықтары жағынан хайуандардан да төмен деңгейге түсіп кетуі ықтимал. Мұны естіген шәкірті тағы сұрақ қойды:

-         Олай  болса, адамдардың дәрежесі жоғары ма, әлде жан-жануарлардың ба?

Әйгілі ғалым былай деп жауап берді: «Әрине, адамдардың ардақты жаратылыс екені анық. Алайда хайуанаттардың арасында Алланы жоққа шығаратын, Оның заңына бағынбайтын және өсек, өтірік айтатын бір де біреуі жоқ». 

 

0 пікір