Тәубешіл құлдың үш тілегі
Тәубешіл құлдың үш тілегі
26.05.2015 10:10
8402
0

 Ертеректе Утба әл-Ғұлам деген бір кісі болыпты. Мінезі нашар, күнәсы мол, арақ дегенде алдына жан салмайтын, бұзықты жұртқа әйгілі жан екен. Сол кісі бір күні Хасан Басридың дәрісінің үстінен түседі. Ол қасиетті Құранның мына бір аятына тәпсір жасап отыр екен: «Иман еткендердің жүректері Алла мен Оның құзырынан түскен ақиқаттарды еске алып, жұмсаратын, елжіреп қорқатын мезгіл жетпеді ме?» («Хадид» сүресі, 16-аят). Хасан Басри бұл аяттардың мән-мазмұнын сондай көркем де жұмсақ тілмен, түсінікті етіп жеткізіп отырды. Мәжілістегі адамдың көңілдері босап, көздеріне мөлдіреген жас үйіріле бастады. Сонда араларынан бір жас жігіт орнынан тұрып: «Құрметті, ұстаз! Айтыңызшы дәл мен секілді күнәһар, айып-жазығы көп бұзық адам тәубеге келсе, оны Алла қабыл ете ме», - деп сұрақ қойды.

-  Иә, қабыл етеді, - деп жауап қайырды. Бұл әңгіменің бәріне бір шетте тұрған Утба әл-Ғұлам есітіп, көріп тұр. Осы сөздер айтылып жатқанда, Утбаның өңі қуарып, жүзі құбылып өзгере бастады. Санасын бейне бір найзағай шарпып өткендей күй кешті. Сөйтті де, бұл да орнынан тұрып: «Уа, шейх! Рақымды Алла мен сияқты азғын құлдың да тәубасын қабыл ете ме?», деді.

-  Жазған құлдың күнәсын Кешірімді Алладан өзге кім кешіре алады? – деп жауап қайырды Хасан. Осыны естігенде басы салбырап тұрған Утба басын көтерді де былай деді:

«Ең әуелгі тілегім, уа, Алла Тағалам, егер Сен менің тәубемді қабыл етіп, күнәларымды кешірсең, онда менің зейінім мен санамды ашып, терең түсінік-парасат берші! Ғылым атаулы мен қасиетті Құраннан естіген нәрсем есімнен шықпайтын болсыншы!

Екінші тілегім, уа, Жасаған ием! Менің Құран оқитын қырағатымды көркем етші! Естіген адам тас жүрек болса да, жібітіп жұмсартатындай болсыншы!

Үшінші тілегім, Раббым! Маған адал рызық-несібе бұйыршы және мені ойламаған жерден ризықтандыршы!»

Утбаның осы үш тілегін де Алла Тағала қабыл етті. Түсінігі мен есте сақтау қабілеті ерекше болды. Егер Құран оқыса, естіген адам күнәсы үшін Алладан кешірім тілей беретін болды. Күн сайын есігінің алдына белгісіз біреу азық-түлік салынған түйіншек қалдырып кететін болыпты. Осы жағдай Уба дүниеден озғанша жалғаса беріпті.

 

  Ғибратнама 

Екі бірдей жаза
Нағыз демократия осы емес пе?
Қатемді айтар ма екен?...
Иманына қарай кезекке тұру
Маған көздің қажеті не?
Көздің ғұсылы
Бұйырған кетпейді
Жұмсақтыққа жәрдем келеді
Түшкірудің хикаясы
Ақ қағаздағы қара нүкте
Өмірдің мәнін іздеген адам
Адал жар (ОҚИҒА)
Ақылыңды көрсетсең, Алланы көрсетейін
Мына бір есепті қараңыз

0 пікір