Танысудың да реті, жөні бар!
Танысудың да реті, жөні бар!
17.06.2019 13:54
381
0

Адамдармен танысудың реті, жөні бар. Өйткені, кейбіреулерге танысу өте қиынға түседі. Өзінен үлкен кісіге бата алмайды немесе мінезінің бұйығылығына байланысты бірден өзі сөз бастауға ұялады.

Шынында, «Сізбен танысқым келеді» деп бастау қиын ғой. Ал, ол «жоқ, менің сізбен танысқым келмейді» десе, сіз үшін қандай ыңғайсыз. Сонда не істеу керек? Танысудың да реті, жөні бар дейтініміз осыдан. Өзіңіз қалаған адаммен танысу үшін:

1. Ең алдымен, ол адамға ізгілік көрсеткеніңіз немесе сөзге тартқаныңыз жөн.Мысалы: тұрып орын беріңіз не уақытты, бүгін ауа райының қандай болатынын немесе пәлендей жерге қалай барамыз деген сияқты сұрақтар қою керек те содан кейін ғана ол кісімен өзіңіздің танысыңыз келетінін білдіресіз.

2. Ал егер ол адам сізге жөнін айтудан бас тартса, бұлталақтаса немесе сөзге айналдырып, сіздің сұрағыңызға мән бермесе, оны қыстау ұят, қайта мазалағаныңыз үшін әдеппен ғана кешірім сұрағаныңыз жөн.

3. Ер адам әйелге өз атын – жөнін айтып танысады.

4. Жасы кішіге ер де, әйел де (қыз бала да) өзінен үлкенге аты – жөнін айтып, қолын ұсынады немесе әйел адам атын айтып басын исе де болады.

5. Қонақтарды, әдетте жас мөлшеріне қарай (атақ – абройына қарай емес) бір – біріне үй иесі танысырады.

6. Егер меймандардың арасында сізге онша ұнамайтын немесе сіз тәуір көрмейтін біреу отырса, таныстырған кезде сіз де, ол да бұл жағдайды басқаларға сездірмеуге тырысқан жөн. Өйткені, үй иесінің маңайыңыздағы адамдардың көңіліне қарауға тиіссіз.

7. Таныстыру кезінде әрбір адамның өмір тарихын, жасын айтудың қажеті жоқ, тек аты – жөнін, қызметін, сізге қалай жақын екенін (інім, ағайым, апайым, досым т.б) білдірсе жеткілікті.

8. Үй иесі қонақтарын бір – біріне таныстырғандарға аты аталған адам басын изеп ізет білдіреді.

9. Ерлі – зайыпты жастар туған – туыстарына өздері барып сәлемдесіп, таныстыруларына болады. Мұндай жағдайда жігіт өзі жақын – жуықтарына келіншегін, ал келіншек (зайыбы) өз туыстарына күйеуін (жолдастарын) таныстырады.

10. Біреумен танысқанда: «Сізбен танысқаныма өте қуаныштымын» немесе «өзімді бақыттымын деп санаймын» деген сияқты артық мақтау сөздердің қажеті жоқ. Қуанышыңыз ішіңізде болсын, оны кейін жаңа танысыңызға деген қадір – құрметіңіз, ізгі ниетіңіз, жақсы қарым – қатынасыңыз арқылы білдіргеніңіз жөн.

11. Өзін таныстырғанда адамды да көзінше жер суға сыйғызбай мақтап, бүкіл өмірбаянын сол жерде айтып беру де онша қолайлы емес, ол кісіні өте ыңғайсыз жағдайға қалдырасыз.

12. Сонымен берге, жаңа танысқан қыздың басынан аяғына, аяғынан басына қарап, бірінші рет көрген болмаңыз бұл –өте әбестік, мәдениетсіздік.

 

0 пікір