СҰЛТАН БОЛУ ДЕГЕН…
СҰЛТАН БОЛУ ДЕГЕН…
01.07.2022 10:24
678
0

Заманында ел басқарған сұлтандардың бірі атақты әулие-ғалым Хз. Жалаладдин әр-Румиге (Алла оны рахымына бөлесін) келіп:

– Мына ел мені де СҰЛТАН дейді, сізді де СҰЛТАН дейді. Екеуінің не айырмашылығы бар?  – депті. Сонда Мәуләна;

– Сенің сұлтандығың өлген күні бітеді. Ал менің сұлтандығым өлгеннен кейін де жалғасады. Ақиқатында сұлтан болу деген адамдардың көңілінен шығып «КӨҢІЛДЕРДІҢ СҰЛТАНЫ» бола білу, деп жауап берген екен.

Расында адамдардың көңілін аулау сауапты амал. Көңілі жабырқаулы жандарды қуанышқа бөлеу адамдар арасындағы мейірімді арттырады.

Мәулана Жалаладдин әр-Руми: «Қағба – Азардың ұлы Ибраһимнің тұрғызған үйі, ал жүрек – Алла Тағаланың назар салар орны. Сондықтан да бір адамның көңілін қалдыру Қағбаны қиратқаннан да жаман» десе, Жүніс Әміре «Бір адамның көңілін қалдыру – Қағбаны жыққаннан да жаман» деген екен. Сондықтан мұсылман кісі өзгенің көңілін қалдырудан сақ болу керек.

 

 Дайындаған Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

0 пікір