СҮЛЕЙМАН ХИЛМИ ТҰНАХАННЫҢ ҰЛАҒАТТЫ СӨЗДЕРІ
СҮЛЕЙМАН ХИЛМИ ТҰНАХАННЫҢ ҰЛАҒАТТЫ СӨЗДЕРІ
15.09.2021 10:58
223
0

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Қиямет күні құлдардың Алла Тағаланың жанында дәрежесі ең жоғары болғаны, Алла Тағаланы көп (және ықыласпен) зікір еткендер». (Мүнәуи, «Фәйз ул-Қадир»)

Әбул Фаруқ Сүлейман Хилми Тұнаханның (қ.с.) (Силистреуи) ұлағатты сөздері:

•    Адамдар білмегеніне жау. Нұрдан хабары жоқ, оның дәмін сезбеген нұрға дұшпан болады. 

•    Ілім ұстаздардың және Пайғамбардың разылығын, рұқсатнамасын алмағанша пайда бермейді. 

•    Білмеу адамның ерекшеліктерінен. Ерекшелігін мойындамау адам үшін бұрыс әрекет.

•    Ақылы мен иманы кемелденбеген адамдар ашу, қызғаныш, тәкәппарлыққа тұтқын болады. 

•    Жеміс беретін ағашқа құрғап қалған деп айтылмайтыны сияқты еңбегі жалғасқан кісіге де өлі деп айтылмайды. 

•    Шыншыл кісінің ісі дұрыс, Өтірікші кісінің ісі бұрыс.

•    Барлық жерде бірлік керек. Нәтижеге жету үшін барлық мәселеде ауызбіршілік қылып, көмектесуді еш тастамау керек. Өйткені Алланың жәрдемі, материалдық және рухани көмегі жамағатпен бірге. Бірігіп тірлік қылғандар мұның жемісін қысқа уақытта көреді. 

•    Ұлы Алладан әрдайым денсаулық пен амандық сұраңдар. Сабыр тілеудің астарында пәлекет пен қиындық тілеу бар. Жоқшылық пен таршылық болмаған жерде не үшін сабыр етесің?

•    Алла Тағала сендерге ризықты мол беру арқылы сыяпат жасаған емес, аз беру арқылы да қиянат қылмақ емес. Екеуі де құл үшін сынақ. Біреу: «Осыншалықты қиындық пен таршылық беретіндей қандай күнә істеп едім» десе өте үлкен күнә істеген болады. Алла сақтасын сынақтан өте алмайды. Мұндай жағдайларда сабыр ету керек. Егер сабыр қылса жұмақтың кілті қолында. Өйткені ауру мен кедейлік сабыр қылғанда жұмаққа кіруге себепші болады. 

•    ...Біз душар болған барлық қиындықтар мен жоқшылық тура жолға шақыру мен ескерту. Кейбір адамдар ұялмастан қымбатшылық пен дағдарысты әңгіме қылады. Алайда бұл дәуірде ең қымбат, ең дағдарысты қиындық – дін. Бұл үшін ой толғаған ешкім жоқ. Аллаға мойынсұнудан мақрұм халықтың материалдық жағдайы қаншалықты жоғары болса да таршылық тартып жатыр. Молшылық ақшамен емес, Алланың берекетімен.

•    Ең үлкен күзетші – Алладан қорқу. Бұл сырды ұққан адам өмірін осымен басқарады. Рухына қызмет еткен уақыт бойынша сезінген рухани қуаныш күн сайын көбейеді. 

•    Бұл дүниеде ең көп отбасыға мейірімді болу керек. Жақсы қарым-қатынас себебімен үйде жақсылық пен берекет көбейеді. 

0 пікір