Сүйектен өткен сөз!
Сүйектен өткен сөз!
24.10.2017 13:22
9574
0

Бір әйел күйеуі мен енесі күн сайын ұрып-соғып, балағат сөздер айтып күн бермеген соң, баласын жетектеп төркініне қарай бет алыпты. Жолда ол әйелді Алдаберген би көріп қалып, ән-жайға әбден қанығады. Сосын қағазға бір сөз жазып:

«Бір ашуыңды бас, еліңе қайт. Ал мына қағазды пәленшеге берерсің» деп әйелді райынан қайтарады. «Алдаберген би берді дерсің» дейді қосымша. Осы сөзді әлгі ауылдың үлкені оқығанда, тұрған жерінен отырып қалып:

 «Әй, әттеген-ай! Сүйекке таңба басылды ғой. Тірідей көмілдік қой. Енді қайттік?» дей беріпті. Сөйтсе қағазға мына сөз жазылған екен:

 

Қойдан қозы туады шөп жейтұғын 
Иттен күшік туады боқ жейтұғын 
Осындай бейсауат сөз сөйлегенге 
Ауылыңнан шықпады ма қой дейтұғын.

 

Міне, сөз айту мен сөз қабылдаудың бір үлгісі осы болса керек, ағайын!

0 пікір