Сөзіңіз - ойыңыз, ойыңыз – өміріңіз...
Сөзіңіз - ойыңыз, ойыңыз – өміріңіз...
11.09.2017 11:18
715
0

«Жақсы сөз-жарым ырыс»,-дейді халқымыз. Ал құдси хадистерде Алла Елшісі (с.ғ.с.) «Сөйлесеңдер тек жақсы сөз сөйлеңдер, әйтпесе үндемеңдер!»,-дейді. Сөйлеген сөзіңіз - тағдырыңыз. Ауыздан шыққан сөзге абай болыңыз:


-Бізге мұндай бақыт қайда? - дей берсеңіз, ешқашан бақытты болмайсыз;

-Өмірі жарымайтын шығармыз десеңіз - қайдан жарисыз;

-Ешқашан ақша жетпейді десеңіз - əрине жеткізе алмайсыз;

-Мұндай үйде тұру бізге бұйырмаған десеңіз - əрине бұйырмайды;

-Бізге осы да болады деу - жолыңызды кеседі;

-Аурудан көз ашпаймын десеңіз - ашпаған күйі кетесіз;

-Бізге баю қайда деу де - ақымақтық;

Өз көңіл-күйіңіз бен тұрмыс-тіршілігіңізге байланысты айтылған кертартпа сөз - ол өз тағдырыңыз. Одан да ол сөздерді басқаша айтып үйреніңіз:

-Біз бақытты болуға лайықпыз!

-Ақшаның берекесін берсін, бəріне жетеді!

-Мұндай үй бізде де болады!

-Біз бұдан да көпке лайықпыз!

-Бұл -ауру емес! Жəй ғана сынақ! Бұл күн де өтеді!

-Біз - баймыз!


Сөзіңіз - ойыңыз, ойыңыз - өміріңіз, ойыңды өзгерт те өміріңді өзгерт!
Бəріміз бақытты болуға лайықпыз!

0 пікір