СОНДА ҚҰСТАР НЕ АЙТАДЫ ЕКЕН
СОНДА ҚҰСТАР НЕ АЙТАДЫ ЕКЕН
03.12.2021 09:13
782
0

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деді: «Расында, ғалымдардың нық тұра алмай, тайып кететін жері ол - сараңдық». (Мунауи, Файз ул-қадир)

Әрбір құстың өзара түсінісу үшін шығаратын дыбыстары болады. Ал Сүлеймен алейһис-сәламға Алла Тағала құстардың тілін үйреткен. Бұған қатысты Құран кәрімде Нәміл сүресінің 16-аятында былай дейді (мағынасы): “Сөйтіп, Сүлеймен әкесі Дәуітке (пайғамбарлықта һәм патшалықта) мұрагер болды. Ол үнемі (Алланың өзіне һәм қауымына деген нығметтерін тілге тиек етіп): Уа, жарандар! Бізге құстардың тілі үйретілді және (нығмет атаулыға жататын) бар нәрсе нәсіп етілді.” 

Сүлеймен пайғамбар құстар сайрағанда не айтатындарын түсінетін. Және кейбірін қасындағыларға айтып беретін. Бір жолы құстардың даусын естіп. Жанындағыларға олардың айтқандарын былай жеткізеді:

Мына бұлбұл “Мен жарты құрма жесем де болады, басқа ештеңе керек емес’ деп сайрап, аз ризыққа қанағатын айтуда.” 

Тауыс құсы былай дейді; “Мейлі қайыр істе, мейлі жамандық істе, әр амалыңның қарымын көресің.” 

Хүдхүд құсы былай дейді; “Әй, күнәһарлар! Құдіретті Алладан күнәларыңның кешірілгенін сұраңдар.” 

Қаршыға былай дейді; “Әрбір тіршілік иесі өледі және әр жаңа тозып жоқ болады. Өмірге және дүниенің сәніне алданбаңдар, ақыретке дайындық жасаңдар.”

Қарлығаш былай дейді; “Жақсы амалдан, мүмкін ізгілік пен қайырдан не жасасаңыз, солар ақыретте алдыңыздан шығады.”

Бүркіт былай дейді; “Бәрі пәни, жоқ болады. Мәңгі бақи болатын тек Алла Тағала ғана.” 

 

 

 

0 пікір