СОЛ ЗАМАНҒА ЖЕТІП ҚАЛҒАН ЖОҚПЫЗ БА?..
СОЛ ЗАМАНҒА ЖЕТІП ҚАЛҒАН ЖОҚПЫЗ БА?..
22.01.2021 00:15
1252
0

Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын):

«Үмбетіме бір заман келеді.

 Құраннан тек жазуы ғана,  Исламнан тек аты ғана қалады.

 Уайымдары қарны,  құбылалары əйелдері, діндері дирхамдары болады.

Сүннет олар үшін бидғат, ал бидғат сүннет болады.

Аллаға тек рамазан айында ғана құлшылық қылады. Егер олар осыларды істесе, Алла оларды  сынақтармен жазалайды», - деді.

Сонда сахабалар (Алла оларға разы болсын):

 "Сынақтар" деген не, Алланың елшісі?", - деп сұрады.

 Пайғамбарымыз  (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын):

«Басшылары залым, тұтыныс тауарлары қымбат болады жəне Алла оларға жаңбырды мезгілінде жаудырмай, мезгілі емес кезде жаудырады», - деп жауап қатты.

(Əт-Табарани)

 

 

0 пікір