«Сізде көп нәрсе жоқ!» (Ойлан!)
«Сізде көп нәрсе жоқ!» (Ойлан!)
27.10.2017 10:37
2910
0

Бір кісі психологқа келіп, өзінің көп нәрсеге мұқтаждығын, жағдайының төмен екенін айтып шағымданады:


1. Қиналған кезде қол ұшын созар нағыз досым – жоқ;
2.Жоғары айлығым – жоқ;
3. Қымбат көлігім – жоқ;
4.Баспанам – жоқ;
5. Әдемі киімдерім – жоқ;
6.Бұрынғыдай қайрат-жігерім – жоқ;
7.Осылардың барлығы бір күні болады-ау деген үмітім – ол да жоқ!"

Сонда психолог сәл ғана езу тартып, жымияды да әлгі жігітке былай дейді:
«Иә, шынымен де, сізде көп нәрсе жоқ екен. Бұл тізімді дәл бұлай бітіре салғаныңыз дұрыс болмады. «Жоқ» нәрселер сізде көп еді ғой!

Мысалы,

1. Бойыңызда емі жоқ жаман ауруыңыз – жоқ;

2.Басыңызда қарызыңыз – жоқ;
           3. Ауру ата-анаңыз – жоқ;

4.Мүгедектік туралы анықтамаңыз – жоқ;

5.Елге жаманатты қылып, жерге қаратқан қылмыскер балаңыз – жоқ!

Сізде көп нәрсе жоқ қой! Егер жоқтарыңызды санар болсаңыз, қайғырғаннан емес, риза болғаннан бөркіңізді аспанға атып қуанар едіңіз. Сондықтан қайғырудың да жөні жоқ!"

0 пікір