ШЫНАЙЫ БОЛ, КҮЛІМСІРЕ!
ШЫНАЙЫ БОЛ, КҮЛІМСІРЕ!
08.04.2021 09:18
281
0

Аллаға шыншыл тілден сүйікті нәрсе жоқ. Өтірік сөз әрқашан күрделі, әрі бұлдыр,бұлыңғыр болады. Әрқашан шындықты айт, сонда артық ештеңені есте сақтап жүрудің қажеті жоқ. Шындықты айт, жұрт сені, қандай болсаң, сондай күйде қабылдасын. «Ешкім түсінбесе де – шындықты айт. Ешкім бағаламаса да – жақсылық жаса» деген қанатты сөз осыған дәлел. Өзіңе адалға – адал бол.Өзіңе әділге – әділ бол. Мейіріміңді бағалайтынға – мейірімді бол. Барлық ортада шынайы бол, шын келбетіңді көрсетіп жүрсең, өмір сүру әлдеқайда жеңіл болады. Өйткені,  шынайылық әлі ешкімді ұятқа қалдырған емес.

 Күлімсіреу – тас боп қатқан жүректерді жібітіп, мейірімділік орнатады. Әрқашан күлімдеп жүруге тырысыңыз.Күлімсіреп жүру сізден оншалықты үлкен күш-қуат  тілемейді. Оған ақша да төлемейсіз. Оның есесіне айналаңыздағы адамдармен қарым-қатынасыңыз жақсарып, көңіл-күйіңіз көтеріңкі болады, денсаулығыңыз нығаяды. Әрі бауырыңның жүзіне күлімсіреп қарауда садақа екендігі айтылған хадисте. Әбу әд-Дарда (оған Алла разы болсын): «Мен жүрегіме қуаныш ұялауы үшін күлемін» – деген екен.

Қоғамдық орындарда, көшеде, әсіресе қала тұрғындары бір-біріне суық. Қоғамдық көлікте біреуге абайсызда иығыңыз тиіп кетсе, дүрсе қоя беретіндері аз емес. Ал сіз қабағыңызды түймей, күлімсіреп жүрсеңіз, адамдарға жайлы боласыз, амал дәптеріңізге сауаптар жазыла береді.Күлімсіреуші адам – өте қарапайым әрі өзгенің жүрегіне қуаныш ұялататын сыйды өзгелерге тегін бере алады. Күлкі тұрған жерден қайғы-мұң қашады. Жылы жымыю мен күлімсіреуді дарақы күлкімен, қазақ қызына жат қылықпен шатастырып алмаңыз. 

 

 

0 пікір