ШАЛҚЫП ӨМІР СҮРГІСІ КЕЛЕТІНДЕРГЕ АҚЫЛ!
ШАЛҚЫП ӨМІР СҮРГІСІ КЕЛЕТІНДЕРГЕ  АҚЫЛ!
26.06.2020 10:25
1440
0

Атақты миллиардер шалқып өмір сүргісі келетіндерге өз ақылын айтты. АҚШ-тың әйгілі миллиардері, байлығы 46 миллиард долларға тең танымал инвестор Уоррен Баффет бай болғысы келетіндерге төмендегідей кеңестер беріпті.

 ► Күн сайын өз бойыңыздағы әлсіз, жаман мінездермен күресіңіз, оларды жойыңыз, өзгертіңіз. Өзіңіздің мықты қасиеттеріңізді, мүмкіндік, машық, дағдыларыңызды күшейтіңіз. Білім алыңыз, біліктілігіңізді арттырыңыз.

 ► Қажет кезде «жоқ» деген сөзді де айтып үйреніңіз. Өз уақытыңызды қадағалаңыз, басқарыңыз.

► Өзгенің қас-қабағына қарап шешім қабылдамаңыз, өзгенің шылауында кетпеңіз. Өзіңізді өзіңіз бағалай біліңіз.

► Іс-әрекетте жылдам болыңыз, нақты нәтижеге жұмыс істеңіз. Шешімді соза бермеңіз, көп ойланбаңыз. Әрдайым тез аңғарып, жылдам қимылдап үйреніңіз, бұл кейін табысқа жетелер жақсы әдетке айналып кетеді.

► Түскен табысты ең алдымен істің өркендеуіне жұмсаңыз.

► Қандай келісім болса да бәріне ерте бастан қам жасап, келісіп қойыңыз. Алданбау жағына аса мән беріңіз.

► Ұсақ-түйекке дейін мән беріп, оны пайдалы іске айналдырыңыз. Үнемді естен шығармаңыз, жөнсіз ысырап табысты тежеп тастайды.

► Өз ақшаңызды дұрыс жұмсай біліңіз. Ақшаны жоғалтпаңыз, қажетсіз іске шығындамаңыз. Әр нәрсеге екшеп-пішіп барып кірісіңіз.

 ► Қарыз алуға үйір болмаңыз.

► Сәтсіздікке соқтыратын нәрседен тез арада қол үзіп үйреніңіз. Қиялға сеніп, күтіп жүріп алмаңыз, одан тезірек арылыңыз.

► Алдағы күндерді елестетіп, көре біліңіз. Алдағы қадамдарыңызды есептеп қойыңыз. Әр нәрсеге көзді ашып, айқын қараңыз.

► Өз ісіңізден, жетістіктеріңізден ләззат алып үйреніңіз. Өзіңізге көңіліңіз толып, алға ұмтылуыңызға осы күш беретін болады.

 

 Адина Жусупова

0 пікір