Сади Ширазидің құнды ойларынан үзінді
Сади Ширазидің құнды ойларынан үзінді
29.04.2019 14:58
445
0

Бұл кісі беделді ғалым әрі белді уәлилердің бірі.  Нақты аты-жөні Муслихуддин Шәйх Сади. Парсы елінің Шираз өлкесінде 1210 жылы дүниеге келіп, көптеген елді-мекендерді кезіп 1291 жылы туған жерінде қайтыс болған.  Бустан және Гүлістан еңбектерімен танымал.

Қанағаттай қазына, тәрбиедей тектілік және білімнен артық мәртебе болмас.

Аш-жалаңаштың денесін жабуға тырысшы. Аллаһта сенің күнәларыңды жасырсын.

Ізгі адамда баққан жамандық көрмес. Бірақ жаманды жасырған өзіне дұшпандық еткен болып саналады.

Қанша оқысаң оқы, білгеніңе сай қарым-қатынас құрып амал етпесең надансың.

Бойына қайыр сұрауды сіңірген адам, өле-өлгенше жарымай өтеді. Сен қалауларыңды басқара біл, қанағатшыл адамның басы тік болмақ.

Ең қиын үш нәрсе бар: Сыр сақтау, қайғы уайымды ұмыту және бос уақытты тиімді пайдалану.

Жылы сөйлегенге қатты сөйлеспе. Бейбітшілік есігін қаққанға дау айтпа.

Ақыры кешеде өтті. Ертең де қолыңда емес, өз-өзіңе нәпсі есебін осы сәтіңде беруге талпын.

Әр істе өзіңнен мықтыны ізде. Мұны мүмкіндік деп біл. Өзің секілдіге уақытыңды босқа жұмсама.

Аллаһ адамдардың ізгі істеріне он есе сауап жазады. Сенде кімнің бойынан ізгі-іс көрсең қателіктеріне де көз жұма біл.

Бір өтініш үшін патша алдына неге барасың? Бос қиялды тастай алсаң нағыз патша сен боласың.

Бал ұсына алмасаң да, инеңді батырма.

Әзіл-қалжыңмен айтылса да ақылды адам одан өз үлесін алады. Наданның алдында мыңдаған даналықтан сөз етсеңде, бұл оның құлағына әзіл болып естілер.

Ең кемел жан өзіне ие болған адам. Өйткені басқалармен тартыспайды.

Егер сен өзіңді кінәлай білсең, басқалар саған не айып таға алмақ?

Бер. Бірақ міндетсін бе, сонда ұтасың.

 

 

0 пікір