Рия және атақ-даңқ үшін игі іс жасау
Рия және атақ-даңқ үшін игі іс жасау
30.12.2016 13:17
4848
0

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Барлық мақтау әлемдердің Раббысы Аллаға тән және Оның елшісі пайғамбарлардың сардары, адамдардың ардақтысы Мұхаммед (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)-ке Алланың сәлемі мен игілігі болсын!

Рия (көзбояушылық) өтіріктің сыңары, кісінің көрер көзге ғана арнап жасау, жасаған амалдары Алла үшін емес мені пәленше мақтасын, жақсы көрсін деген ниетте жасау.

Пенде не іс істеседе шынайлықпен істеуі Құранда айтылғандай;

وَمَا أُمِرُوا إِلَّا لِيَعْبُدُوا اللَّهَ مُخْلِصِينَ لَهُ الدِّينَ حُنَفَاءَ وَيُقِيمُوا الصَّلَاةَ وَيُؤْتُوا الزَّكَاةَ ۚ وَذَٰلِكَ دِينُ الْقَيِّمَةِ

«Олар; ғибадатты, нағыз Аллаға шынайы ынтамен бір беткей түрде орындаулары, намаз оқулары, зекет берулері үшін әмір етілген. Міне осы, тұп-тура дін». (98-С,5-А)

عَنْ جُنْدُبٍ رَضِيَ الله عَنْهُ قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ صَلَّى الله عَلَيهِ وَسَلَّمَ: من سمَّع سمَّعَ اللهُ بهِ، وَمَنْ يُراءِ يُراءِ اللهُ بِهِ. (رواه البخاري ، ومسلم)

Жундубтан (Алла оған разы болсын). Ол «Пайғамбар (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) : «Кімде – кім (игі амалдарын жұртқа) естіртсе, Алла оны естіртеді және кімде-кім риякерлік жасаса, Алла оны көрсетеді», -деп айтты»-деген. Басқаша айтқанда, Алла Тағала халыққа ниеттері шынайы болмаған  адамдардың  түпкі ниеттерін  жариялап  көрсетеді.

Иә! Алла. Кімде-кім игі амалдарын жұртқа мақтана, көрсету ниетімен болса, онда Алла онын сырын ашады. Егерде сіз істеген ізгі амалдарыңыздың айтқанын қаласаңыз, әлбетте адамдар осындай адам өзінің істеген игі амалдарын айтқанын жақсы көреді деп сөйлей бастайды. Ең ауыр құлшылық ол, басқаларға мақтан үшін,оны мақтасын деп қылған амалдарың  рия ғана болғанын, тек сен ғана оны сезінеде түсіне де алмайсың. Әрине әр адам баласы мақтағанды жек көрмесі анық, бәрімізде біздерді мақтағанын қалаймыз, ал егерде пенде Алланын разылығын алу үшін адамдардың наразылығына қарамастан тек Алладан ғана қорқса онда Алла ол адамдарды одан разы болатындай көз қарастарын өзгертеді, ал егер адамдардың көңілінен шығуға тырысуында Алланын разылығын емес, наразылығына  қарамастан амал жасамақ болса, онда Алла адамдарды оған наразы қылып қояры ақиқат. Сондықтан да не істесеңіз де, Алланын назарынан тыс қалар деу ондай ойдан абай болғаныңыз абзал. Біреуден алғыс не мақтау алу себебінен жасалатын ғибадат ол ауруға айналар дерт, ондай ізгі амалдар Алланың алдында парызда, нәпілде кішкене рия болса жеткілікті махрұм қалғаны. Алла біздердің амал, құлшылықтарымызды екі шарты орындалмағанша қабыл алмас. Біріншісі шын ықласпен Аллаға сенім артып, екіншісі Пайғамбарымыздың сүннетіне бекіну.

Біруге ізгі амал жасауда ықласыңыздың болуы, адамдармен дұрыс мәмледе, жақсы қарым-қатынаста болғаныңыз және олардың сізбен де жақсы болу үшін емес, бұдағы мақсат сыйын тек Алладан алу үшін. Қазырғы материялдық заманда біреуге жақсылық істегенде одан үнемі біздерге құрметін көрсететіндей, көріскен сайын алғысын айтып жүру үшін емес, яғни ахирет сауабына ие болуды ойлауымыз қажет. Бір күні ері әйеліне үнемі жақсы қарап, жақсылық жасап жүріп, жұбайына мен үнемі саған жақсылық жасаймын ал сен болсаң маған жауап қайтармайсың дегеніне, сен сонда ізгі амалдарың мен үшін ғана Алла разылығы үшін болмағаны ма деген екен. Шын ықласпен Алла үшін бір жақсылық жасаған адамның Алла алдында дәрежесі жоғары болмақ. Ізгі амал жайында Қасиетті құранда «  مَن جَاءَ بِالْحَسَنَةِ فَلَهُ عَشْرُ أَمْثَالِهَا» «Кім-кім Алла Тағалаға бір жақсылық келтірсе, оған жасаған амалының он есесі беріледі»-делінген.(6-С,160-А) Ықылас ол егер адамдар жамандық жасасада жақсылықпен қайтарып кешірімді бола білуі, надандықтан теріс бұрылып, жақсылық жасауға әмір етуі. Расында Алла ол адамның есебін жеңілдетеді. Пайғамбарымыз(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  رَوَي اْلبَرَّازُ وَالطَبَرَانِي وَالحَاكِمُ أَنَّ رَسُولَ اللهِ  قَالَ:» تُعْطِي مَنْ حَرَمَكَ ، وَتَصِلُ مَنْ قَطَعَكَ، وَتَعْفُو عَمَّنْ ظَلَمَكَ،

Барраз, Табарони және Хакимнен жеткен хадисте Алла елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  былай дейді: «Бермегенге беруің, сенімен арасын үзген адаммен қарым-қатынас орнатуың және саған зұлымдық еткен адамды кешіруің» - дейді. Содан болар дана қазағымыз «Таспен атқанды, аспен ат»-деуі. Егерде сізге жамандық жасаса да, қарым қатынасын үзсе де, артыңыздан өсектеп, сөксе немесе істемегеніңізді істеді деседе, сіз қарым қатынасыңызды үзбестен Алла разылығы үшін нәпсіңізді тиып, сабырлықпен инабаттылықпен амандығыңыз дұрыс болуға әрекет ету. Міне ең батылдық дін, пайғамбарымыздың ізбасарлығымен Алла разылығы сізбен болмақ. Қаншалықты Раббымыздың сөзін есту ауыр десеңізші, бұл ең ақиқат шындық сөз, бұл жаратушы Раббымның кәләмі: «يَوْمَ لَا يُخْزِي اللَّهُ النَّبِيَّ وَالَّذِينَ آمَنُوا مَعَهُ» «ол күні, Пайғамбарды, онымен бірге иман келтіргендерді кемітпейді» (66-С,8-А)

Шынай мұсылман адам өзінің әр істеген ізгі амалдарынан рияшылдықты көздемейтіні анық, өйткені ол әр істеген істерінің есесін жаратушы Раббысының беретінін біледі. Иә, Мейірім, Рахым иесі, біздердің дінімізді тек тілімізде ғана емес шынайы ниеттерімізді нығайтып бір өзіңнің разылығыңды алуға, құлшылықтарымыздың қабылдығын  нәсіп етегөр. Жаратушы  Алла тағаланың ризашылығынан, істеген ізгі амалдардың сауабынан мақұрым қалмайық.

Матаев Дулат Кабиденұлы

«Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің бас имамы

0 пікір