Қыз бен жігіт дос бола ала ма ?
Қыз бен жігіт дос бола ала ма ?
18.11.2019 13:22
4445
0

Əдеби кеш болып жатқан. Бір қыз маған:
— Қалай ойлайсыз қыз бен жігіт дос бола ала ма?- деп сұрақ қойды.
Мен: — Жоқ. Дос бола алмайды,- деп жауап бердім. Тыңдармандардың арасынан бір жігіт орнынан тұрды да:
— Мен сізбен мүлде келіспеймін. Менің ойымша, қыз бен жігіт дос бола алады,- деді.
Мен:
— Жарайды. Саған бір сұрақ. Ертең үйлендің дейік. Əйеліңнің бір бұрынғы досы келіп, сенің əйеліңмен кафеге барғысы келетінін айтады. Сен рұқсат бересің бе? -деп сұрақ қойдым. Əлгі жігіт:
— Жоқ. Рұқсат бермеймін,- деді. Жауабына сенімді.

Мен:
-Неге рұқсат бермейсің? Досы ғой. Достыққа қарсысың ба?- дегенімде сұрақ қойған жігіт:
— Түсіндім, түсіндім,- деп күліп жіберді.

 

Абай Қалшабек

0 пікір