ҚҰРАНҒА ҚҰМАРТҚАН ГЕТЕ
ҚҰРАНҒА ҚҰМАРТҚАН ГЕТЕ
20.10.2022 13:08
624
0

Немістің ұлы ақыны Гете 1771 мен 1772 жылы қасиетті Құранды құмартып оқиды және парсының ұлы ақыны, сопы Шамс ад Дина Мұхаммед Хафиз Ширазидің (Хафиз) «Диуан» атты ғажайып шығармасымен танысып, тағылым алады.

Бұл екі дүние Гетеге ерекше шабыт беріп, соның әсерімен «Батыс-Шығыс Диуаны туралы ескертпелер мен очерктер» атты еңбегін жазады.

"Шығыста жеті шайыр бар, солардың ең әлсізі менен мықты" дейтіні осы тұс.

Кейде исламды ұстанған мемлекеттер артта қалды деп жатады ғой.

Сондай да Гетенің: "Біздер, Еуропа халықтары мәдениетіміз айрықша дамығынымен, хазірет Мұхаммедтің ұлылығының ең бірінші сатысында ғана тұрмыз. Оған ешқандай шүбә келтіруге болмайды. Және бұдан кейін де одан ешкімнің аса алуы мүмкін емес" деген сөзі ойға оралады..

"Кітаптардың кітабы – Құран. Мен нағыз мұсылманмын» деп жыр толғаған Гете Германияда Құранға байланысты қызығушылықтың пайда болғанына жүрегі жарылып кете жаздап қуанып, 1814 жылдың 5 қаңтарында Требрге былай деп хат жазады:

«Осыдан біраз жыл ғана бұрын өзіміздің протестант гимназиясында мұсылмандар құлшылық қылып, қасиетті Құранның сүрелері оқылады деп кім ойлаған! Әйтсе де бұл осылай болды және біз башқұрлардың намаз оқығанын көрдік, молдасын тыңдадық, басшысын театрда құтықтадық.

Башқұрлар маған үлкен құрмет көрсетіп садақ пен жебе сыйға тартты, мен оны өз ошағымның үстіңгі тұсына іліп қойдым. Ал, өзіміздегі ерекше діндар ханымдар тіпті Құранның аудармасын кітапханадан алдырды».

Ұйқыдағы жетеу» деген өлеңінде Гете Иса туралы «Иса пәк, ол – бір Алланың құлы. Оны Құдай дәрежесіне көтеру – Тәңірді мазақ ету. Алланың бірлігін таныту арқылы бүкіл әлемге бас идірген Мұхаммед әкелген шындық салтанат құрсын!» деп ағынан жарылады.

Ол аз десеңіз, "Анау-мынау нәрсе туралы оңды-солды ой толғау – қандай ақымақтық. Егер Ислам Аллаға бойсұну болса, біз бәріміз Исламда өмір сүріп, Исламда өлеміз" деп артына жазба қалдырыпты ұлы ақын.

Қалай десекте ұлының аты ұлы ғой! Алланы тануда, пайғамбарға сенуде ол бәрінен биік тұр.

ҰЛЫЛЫҚ ДЕГЕН ОСЫ - АУ!

 

Nagashybay Kabylbek

 

 

0 пікір