Қияметтің белгілері, немесе тесік сөмке!..
Қияметтің белгілері, немесе тесік сөмке!..
23.05.2019 17:34
1240
0

Бір Шейх өзінің құтбасында:

1.Бағалар қымбаттады;

2.Әйелдер жалаңаштанды;

3.Алланың заңдарының күштері жойылды;

4.Зинаға рұқсат етілген;

5.Некесіз жүріс көбейді;

6.Ұрылар жазаланбайды;

7.Мұсылман жерлері өзгенің иелігінде;

8.Әйелдер - еркектердің қамқоршысы болды,- деп көптеген кемшіліктерді тізіп шығыпты.

Әлбетте мұның бәрі де қияметтің белгілері!

Ал, сіз мұсылман бауыр, тесік сөмкеге зат жинауда екеніңізді білесіз бе?

 Сіз:

1.Жақсылап дәрет аласыз, бірақ суды ысырап етесіз... (тесік сөмке);

2.Сіз күндіз оразада, түнде  намаздасыз, бірақ туыстық қатынастарыңыз жақсы емес... (тесік сөмке);

3.Сіз мұқтаждарға көмек беріп, ақша аударасыз, кейін олардың сыртынан ғайбат сөздер айтып, кемсітесіз.... (тесік сөмке);

4.Сіз қонақты жақсылап күтесіз, бірақ кейіннен олардың қателіктерін айтып, сөз қыласыз.... (тесік сөмке).

Тесік сөмкеңіз осындай тізбекпен жалғаса береді...

 Сіз сауапты амалдарды қиындықпен тесік сөмкеге жинайсыз, алайда олар жолда оңайлықпен түсіп қалуы мүмкін.

 

0 пікір