ҚАЗАҚ ЖЫРАУЛАРЫ ДІН НАСИХАТШЫСЫ БОЛҒАН БА?
ҚАЗАҚ ЖЫРАУЛАРЫ ДІН НАСИХАТШЫСЫ БОЛҒАН БА?
28.04.2023 06:32
509
0

Сұрақ: Қазақ жырауларын дін насихатшысы болған ба?

Жауап: Қазақ ақындары мен жыраулары өлеңдері арқылы адам мен Құдай қарым-қатынасының идеялық, әлеуметтік және дүниетанымдық мазмұнына маңызды үлкен үлес қосты. Ол кездерде радио, БАҚ, ғаламтор желісі болмағандықтан ақындардың қызметі хабаршы, азаншы сияқты қызмет атқарды. Олар еңбектерінде ақида, тәпсір, Құран қиссалары мен сира түсіндірмелерін беріп, халықты дінді дұрыс түсінуге үндеп отырды. Мысалы:

 «Ей, айтшы, Алланы айт.

Аты жақсы құдайды айт.

Төрт шадияр, Мұстафа,

Мұсқап ашқан ғаламды айт.

Тәңірім сөзі бұрқанды айт.

Кәлим Алла – Құранды айт.

Тәңірім салса аузыңа, Ж

ан жолдасың иманды айт», – деп Құранды Алланың кәләмі екенін айтып жырлаған өлеңінде Бұқар жырау ислам тарихын, халифаларды, ақида мен тәпсір және Құран мен жаратылыстану ғылымдарын қамтып отыр. Біз Бұқар жыраудың бір өліңінің екі шумағын ғана беріп отырымыз. Бұл өлеңнің мазмұнын діннен білімі болған адам ғана толық түсіне алады. Өлең түнып тұрған діни терминология. Мұнда санаулы сөзбен терең мазмұнды жеткізген Бұқар жыраудың сөздік шешендігін ғана емес, діни білімінің де тереңдігін көуге болады: өлеңдегі «Мұсқап» – Құранның бір атауы болса, «Бұрқан» – Құран шәріптің басқа аты, «Кәлим Алла» Алланың сөзі – Құран дегенді білдіреді. Өлеңнің алғашқы шумақтарында бір Құранның атауын бірнеше сөзбен айтуы – жыраудың халыққа Құранды құрметпен жеткізуін білдіреді. Ал енді «Алла» сөзін бір үзіндіде (Алла, Құдай, Тәңір) сөздерімен бес мәрте қайталауы, қазақтың тақуалығын, құдайшылдығын аңғартады. Жалпы дін, имандылық пен руханилықты, адамгершілік құндылықтарды қазақтың барлық ақындары арқау етіп, халыққа дінді насихаттаған.

 

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ


 

0 пікір