Қасқыр мен есек (мысал)
Қасқыр мен есек (мысал)
28.11.2019 09:37
3640
0

Бір күні жайылып жүрген есекті көріп қасқыр тұсына келеді. Есек те оны байқап қасқырға жақындайды. Екеуі əңгімеге кіріседі. Сөзден сөз шығып екеуі шөптің түсінде дауласып қалады.

 Қасқыр сөз алып:

 - "Шөптің түсі жасыл" дейді. 

Есек те қалмай:

 "Жоқ. Қателесіп тұрсың. Шөптің түсі сары" дейді.

Екеуінің тартысы сол жерде шешілмей дауласып аң патшасы арыстанның алдына келеді. Екі тарапты да мүқият тыңдап шыққан арыстан қасқырды бір айға қамауға пəрмен шығарады. Ал есекті босатып жіберуді бұйырады. Қасқыр бір айлық қамаудан шыққаннан кейін арыстанға жолығады. Арыстанға қарап:

Бір ғана сауалым бар. Соны сұрайын деп едім. Сіз шынымен-ақ шөптің түсін сары деп көресіз бе?" дейді.

Арыстан:

 "Жоқ. Шөптің түсі жасыл" дейді.

 Қасқыр аң-таң болып:

-"Онда мені неге бір айға қаматтыңыз?!" дейді.

Арыстан:

"Есекпен дауласып, тартысқандығың үшін қаматтым" деген екен. 

Бауыржан Алиұлы

0 пікір