Қарыз алған жақсы ма?
Қарыз алған жақсы ма?
26.11.2019 09:41
3632
0

Жігітке: 

- Қарыз алған жақсы ма? – депті қарт.

- Ата, қарыз қайғы әкеледі, - депті жігіт.

- Дұрыс, балам, ақылың болса – қарыз алма.

Есіңде болсын:

*. Ханнан қарыз алма – өтей алмасаң басың кетеді,

*. Байдан қарыз алма – малың кетеді,

*. Досыңнан қарыз алма – берекең кетеді,

*. Әйелден қарыз алма – өміріңді келеке етеді,

*. Қарттан қарыз алма – алғаның көрге бірге кетеді,

*. Көршіңнен қарыз алма – бала-шағаң жылаумен өтеді,

*. Қасыңнан қарыз алма – өтей алмасаң үйің кетеді.

Қарыз алсаң - қайтаруын біл. Қарызды көп алған – қайғырумен күнін өткізеді. Қарыз – от, өшіре алмайсың, - депті қарт.

0 пікір