Қайсы итті бақсаң, сол жеңеді
Қайсы итті  бақсаң, сол жеңеді
19.06.2015 14:01
2693
0

  Бір ата немересін ертіп шықты да, ауладағы орындыққа жайғасты. Екеуі отырып анадай жерде арпылдасып, таласып жатқан екі итке көздері түседі. Иттің бірі ақ, екіншісі қара екен. Он екі жасар бала:
        -  Ата, осы сіз неге екі ит асырайсыз, - деп сұрайды.
        -  Олар маған өмірді үйретеді, балам.
        -  Өмірді дейсіз бе? Қалай сонда?
     -  Көрмейсің бе, олардың бірі ақ та, екіншісі – қара. Олар мен үшін бір белгі іспеттес.
        -  Қандай белгі?
     - Олар адам бойындағы жақсылық  пен жамандыққа ұқсайды. Қазір олардың таласып жатқаны секілді адамның да жақсылығы мен жамандығы үнемі арпалыста болады, шырағым.
   Сонда бала бұлар төбелесіп жатса, міндетті түрде біреуі жеңу керек деп ойлады. Атасына қарап:
        -  Сонда бұлардың қайсысы жеңеді?
 Қария баланың арқасынан бір сипап қойып, бетіне қарап күлді.
       -  Қайсысы дейсің бе, қарағым? Мен олардың қайсысын көбірек тамақтандырып бақсам, сонысы.

 

    Ғибратнама     

Екі бірдей жаза
Нағыз демократия осы емес пе?
Қатемді айтар ма екен?...
Иманына қарай кезекке тұру
Маған көздің қажеті не?
Көздің ғұсылы
Бұйырған кетпейді
Жұмсақтыққа жәрдем келеді
Түшкірудің хикаясы
Ақ қағаздағы қара нүкте
Өмірдің мәнін іздеген адам
Адал жар (ОҚИҒА)
Ақылыңды көрсетсең, Алланы көрсетейін
Мына бір есепті қараңыз
Тәубешіл құлдың үш тілегі
ҮШ ДЕРТКЕ БІР ЕМ
Ықылас
Адам мен Ібіліс
Өлімді ұмытпа, Омар!
БҰРЫНҒЫ КЕЗІМДІ ЕСКЕРТКЕНІҢЕ РАХМЕТ
Мас кісі Халифа Омарға (р.а.) қандай өсиет айтты?
Түсімде патша едім...
Отқа табынушының жәннатқа кіруі

 

 

 

 

0 пікір