Қайран, дүние-ай...
Қайран, дүние-ай...
27.07.2019 17:38
422
0

Омар Һайам:
«Жүректің түріп құлағын,
Ойланып тағы қарашы,
Кімсің сен, қайда тұрағың?
Енді қайда барасың?»

Шәңгерей Бөкей:
«Жалғаншы, жарық дүние!
Бізден де бір күн қаларсың!
Піл сауырлы қара жер,
Қойыныңды ашып, қол жайып,
Құшағыңа аларсың».

Жүсіпбек Шайхысламұлы:
«Дүние, дүние, дүниесің,
Сұм дүниеге алданып,
Нәпсіге пенде сүйінесің.
Жарықтың арты қараңғы,
Ақыр да бір күн күйінерсің.
Қараңғы көрге салғанда,
Жалғыз жатып қалғанда,
Білемісің, жарандар,
Әлдеқандай күйдесің?!»

Көдек Маралбайұлы:
«Өзге-өтірік, өлім-шын,
Сыртыңнан бағып, шолыған.
Аман пенде бар ма екен,
Қазаның жайған торынан?!»

Таңжарық Жолдыұлы:
«Дүние, саған неге болдым таңсық,
Жалғансың әркімнен бір қалған қаңсып.

Сенде бір, іші қуыс қурайда бір,
Үрлеген сыбызғыдай қабыңды аршып».

0 пікір