ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ (С.А.У.) ҚАСИЕТТІ БІТІМ-БОЛМЫСЫ
ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ (С.А.У.) ҚАСИЕТТІ БІТІМ-БОЛМЫСЫ
06.10.2022 17:57
173
0

• Ибн Аббаси (р. aнhүма) былай риуаят еткен: “Пайғамбарымыздың (с.а.у.) екі үстіңгі, екі астыңғы төрт мүбәрак алдыңғы тісі сиректеу әрі аппақ болғандықтан, сөйлеген кезде маржандай жарқырайтын”. 

• Жабир (р.а.) былай деген: “Мен Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мүбәрак екі жауырынының ортасындағы пайғамбарлық мөрін көрдім. Көлемі көгершін жұмыртқасындай, қызарыңқырап көрінетін”

• Жабирден (р.а.) былай риуаят болған: “Пайғамбарымыз (с.а.у.) сол қолмен ас ішуге тыйым салды”.

• Әбу Хурайрадан (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.а.у.) былай дегені риуаят болған: “Аяқ киімдеріңді оң аяқтан киіп, сол аяқтан шешіңдер”.

• Айшадан (р. анhа) былай риуаят болған: “Пайғамбарымыз (с.а.у.) шамасы келгенше аяқ киімін кигенде, шашын тарағанда, дәрет алғанда оң жағынан бастағанды ұнататын”.

• Әнәс ибн Маликтен (р.а.) былай риуаят болған: “Пайғамбарымыздың (с.а.у.) жүзігі күміс болатын. Жүзігінің көзі ақық болатын”.

 

0 пікір