ПАЙҒАМБАР (С.Ғ.С) -ЫМЫЗ НЕ ДЕП ЖАУАП БЕРДІ?
ПАЙҒАМБАР (С.Ғ.С) -ЫМЫЗ НЕ ДЕП ЖАУАП БЕРДІ?
03.10.2018 10:44
664
0

Бірде пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с) бір кісі келіп:

 «Уа, Алланың елшісі! Мен сізден қандай амал жасау арқылы ізгілікке қол жеткізетіндігімді сұрау үшін келдім», - деді.

 Пайғамбарымыз (с.ғ.с) оған:

 «Сұрақтарыңды қой мен жауап берейін», - деді. Сұрақ қоюшы көкейіндегі сұрақтарын қойды, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) төмендегі жауапты берді:

- Адамдардың арасындағы ең білімді болғым келеді?

- Алладан шынайы қорық, адамдардың ең білімдісі боласың.

- Адамдардың ең байы болғым келеді?

- Алланың бергеніне шүкіршілік ет, адамдардың ең байы боласың.

- Ең әділетті адам болғым келеді?

- Өзіңе қалаған нәрсені өзгеге де қала, адамдардың ең әділі боласың.

- Адамдардың ең жомарты болғым келеді?

- Адамдарға пайда тигізуші бол, адамдардың ең жомарты боласың.

- Алланың ең сүйікті құлы болғым келеді?

- Сен Алланы көп еске ал, ең сүйікті құлдардан боласың..."деді.

 Алла Тағала баршамызды шүкіршілік етуші құлдардан болуды нәсіп етсін!...

0 пікір