Өзіне қиянат жасаған жанға жымиған кезде адам есейеді
Өзіне қиянат жасаған жанға жымиған кезде адам есейеді
11.06.2019 16:11
318
0
  1. Ешқашан отбасын ақша, бала, аяныш үшін құрма. Ақшаға тоясың. Бала өсіп кетеді. Аяныш өшпенділікке айналады.
  2. Жаныңдағы жақыныңа қамқор бол. Сен үшін намысын ұмытқан жанды бағала. Сенің қателіктеріңді кешіріп, үнемі күтетін адамды аяла. Тағдыр мұндай адамды бір-ақ рет жібереді.
  3. Адамға көмектескің келсе - қол ұшын соз, шамаң жетпесе - дұға қыл, білмесең - ол туралы жақсы ойла! Жақсы ой деген көмек емес, бұл – қару...

@Шығыс даналығы

  1. Әрбір тілек оны жүзеге асыратын қуатпен қосылып беріледі. @Ричард Бах
  2. Әр адам өзі түсінетін нәрсені ғана естиді.

 @Гете

  1. Ақыл алған сайын бай болады. Жүрек берген сайын кең болады.

7. Ақылды адам қателігін түсінсе, оны түзеуге барын салады. Ақымақтың мойындауға шамасы жетпес.

 @Шығыс даналығы

8. Көп адам өзгенің өзіне деген сезімін асырып бағалауды жақсы көреді: жақсы көргенін, не жек көретінін.

@Френсис Скотт Фицжеральд

9. Нағыз әйел сайтан сияқты. Жаныңды суырып бермейінше, тәніне қол тигізе алмайсың.

10. Сен үшін жақсарғысы келген адамға ғана күйеуге шығу керек. Сонда өзіңнің де ол үшін жақсы бола түскің келеді.

@Леонид Жаров

11. Сезуден қорықпаймын, сезімге батып кетуден үрейленем. Тәннің ауырғанынан емес, жанның жабырқауынан қорқам. Сүюден қорықпаймын, керексіз болудан шошимын. Өлімнен қорықпаймын, шын сүйгенімнен айырылып қалудан жаным түршігеді.

12. Егер біреу сізден бас тартса, оған налымаңыз. Әдетте адам қымбат дүниеден тез бас тартады. Өйткені, өзін қазынаға лайықсыз сезінеді.

 @Ошо

13. Құлағының ұшымен естіп, көзінің қырымен көреді де, миының қалдығымен ар жағын өздері ойлап алатын адамдар көбейді.

14. Сөзді таңдап айт. Дауысыңды көтерме. Гүл жаңбырмен өседі. Найзағайдан емес.

15. Ақталу - әр адамның өзін жұбандыратын өтірігі. Бала сияқты жылап-сықтауды, шағым айтуды доғарыңыз. Ақталу адамды жұтатады. @Роберт Кийосаки

16. Егер жан деген сүю, адал болу, ризашылықты білдіру болса, онда жануарлардың жанына терең бойлау мүмкін емес.

 @Джеймс Херриот

17. Әлі ештеңе де аяқталған жоқ. Адам өлгенде ғана бәрі бітеді.

@Эрих Мария Ремарк

18. Адамды елемеу – көнеден келе жатқан зорлық көрсетудің бір түрі.

19. Өзіне қиянат жасаған жанға жымиған кезде адам есейеді.

20. Сен істемесең, басқа істейді. Сен жазбасаң, ол жазады. Жанында сен болмасаң, онда басқа болады. Өзіңді қолға алып, есеймесең, үнемі екінші, бесінші, тізімнің соңында боласың. Сенің орныңды басатын біреу қай кезде де табылады.

 

Афоризм кітабынан

Аударған Шынар Әбілдә

 

0 пікір