Өзің диуанасың, кімге пір боласың!
Өзің диуанасың, кімге пір боласың!
10.07.2019 10:34
444
0

Абайшалай берсек ол марқұмның айтпағанынан айтқаны көп пе дейсің... Ғажап сөзінің бірі: 

"Аллаға ауыз жол емесі".

 Расында да, фейсбукта Алланы ауызға алып нақыл ұрғыштардан көз сүрінеді. Айтсын-ақ, бірақ соған алдымен бек лайық болса игі гой, адам көзінің таразы екенін ескерсек сол "ақылшыларымның" тұр-тұлғасына көңілім толмайды. Жалпы Алла мен құлы арасындағы қатынас тек екеуаралық сыр іспетті құпия ғана екенін ескерсек, һəм оған əркім өз үшін ғана жауап берерін қоссақ Алланы қалқан етіп жел сөздің айдарынан жел естіру артық емей немене? Өзің диуанасың, кімге пір боласың деп осындайда айтылса керек.

Дінімізде ұлық ғалымдарымыздың өзі төбе басына шығып, топ жарып, толғанып сөйлегеннен, нақыл айтқаннан қорқады екен-мыс. Себебі жүректеріне сол сəтте, "ойбай, мынаның білгішін-ай" деген қолпаштан барып иненің жасуындай тəкаппарлық енсе, сол сəтте Шайтан лағнетболсының екі аяғын салбыратып тұрып мойындарына мініп аларын білсе керек. Сондықтан да елеусіз жүргенді қалайды.

Сөз түйіні мына БІР ТƏМСІЛге келіп тіреледі.

Періштелер пен шайтандар шайқасып жатқан екен бірде... 

Періштенің бірі шайтаннан сұрапты :

- "Анау алаңға шығып, айғайлап жатқан сенің әскерлерің бе?" 

- Иә, бәрі де менікі! Неге сұрайсың?!? 

- Бірақ та олар "Аллаһу Әкбар" деп айғайлап жатыр ғой! депті періште. 

Сонда шайтан ашуланып:

- Әлбетте солай, "Шайтану Әкбар" десе кім ілеседі оларға, біздің ісіміз алдау ғой! деген екен...

Сонымен қатар мына бір ТӘМСІЛге де көңіл аударып көрейік.

Шейх Шағрауи хазрет көпшілікке дәріс оқып тұрғанда, олардың алғысынан өзінің көңілінде зор сүйінішті, даңғойлықты байқады. Дәріс аяқталғаннан соң, көлікке мініп, үйге қайтты. Жолда бір мешіттің жанынан өтіп бара жатып, жүргізушіге:

«Тоқта!»-деді.

Жүргізуші таңғалып:

 «Ұстаз, намазға әлі уақыт бар ғой»,-деді де, тоқтады. Шайх хазрет көліктен түсіп, мешітке кірді. Мешіттің дәретханасына кіріп, оны толығымен тазалап шықты. Сосын көлікке мінді де кетті.

Мұны көрген жүргізуші:

 «Неге былай істедіңіз?»-деп сұрады.

Сонда шайх хазрет:

 «Сабақта нәпсім сәл шіреніп, менменсіп қалып еді. Оны кеміту үшін осылай істедім»,-депті.

DK Es-agasiФб-дағы парақшасынан

 

0 пікір