Өз үйінде таба алмаған жақсылықты...
Өз үйінде таба алмаған жақсылықты...
09.02.2018 12:46
1800
0

Бір көгалға жас жігіт келіп, су ішіп алған соң, бұлақ жанында демалып жатқан ақсақалдан сұрайды: 
– Мұнда қандай адамдар тұрады? 
Ақсақал өз кезегінде жас жігіттен: 
– Ал сен келген жақта қандай адамдар өмір сүреді? – деп сұрайды – Жаман ойлары көп өзімшіл адамдар, деп жауап қатады жігіт. 
– Осы жерден де ондай адамдар табылады, – деп жауап береді қарт.

Сол күні, басқа жігіт бұлаққа келіп шөлін қандырып, қартпен амандасып, сұрайды: 
– Мына жерде қандай адамдар тұрады? 
Қарт жауап берудің орнына сол сұрақты өзіне қояды. 
– Ал, сен келген жақта қандай адамдар өмір сүреді? 
– Керемет адамдар, адал, қонақжай, мейірман. 
Маған олармен қоштасу ауыр болды. 
– Ондай адамдарды сен осы жерден де 
кездестіресің, деді қарт. 
Екі әңгімені де естіген бір адам: 
– Сен бірдей екі сұраққа қалайша әр түрлі жауап бердің? 
Оған қарт былай деп жауап берді:

 «Біздің әрқайсысымыз жүрегімізде не болса, сырттан да соны көреміз. Өз үйінде таба алмаған жақсылықты, ешкім сырттан,  осы жерден немесе басқа жерден таба алмайды».

0 пікір