ОСЫЛАРМЕН АМАЛ ЕТЕ БІЛСЕК!
ОСЫЛАРМЕН АМАЛ ЕТЕ БІЛСЕК!
08.09.2021 11:31
790
0

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Ашуланғанда жұмсақ болғанға, Алла Тағаланың махаббаты уәжіп болады». (Қузағи, «Мүснәд уш-Шиһаб»)

Біріншісі: Мен Алла Тағаланың мына аятына қарадым; (мағынасы): «Жер бетіндегі әр жәндіктің қорегі Аллаға ғана тән». (Худ сүресі, 6-аят). Мен де өзімді Алла Тағаланың ризық уәде еткендерінен санадым. Мен үшін дайындалған ризықтың маған келетінін түсіндім. Өйткені Алла Тағала қанша үлкен болса да түйеге де ризық береді, қанша кішкентай болса да шыбынды ұмыт қалдырмайды. Мен де тәуекел қылып Алла Тағалаға құлшылық қылумен шұғылдандым. Ғибадаттан басқасына да көп мән бермедім.

Екіншісі: Мен Алла Тағаланың «Шын мәнінде мүміндер туыс қой» (Хужурат сүресі, 10-аят) аятына қарап, барлық мүміндерді бауыр деп санадым. Бауырдың міндеті бауырына мейірімді болу. Адамдар арасындағы дұшпандықтың негізгі себебінің қызғаныш екенін түсіндім. Қызғанышты жүрегімнен шығарып тастауға күш салдым. Тіпті шығыста бір бауырымның басына бір жағдай келсе менің басыма келгендей уайымдадым. Батыстағы бір мүмінге қандайда бір жақсылық келсе маған келгендей қуандым. 

Үшіншісі: Барлық адамдардың досы бар екенін көрдім. Дос досын жақсы көруі керек. Мен де Алла Тағалаға мойынсұнуды досым деп санадым. Одан басқа барлық достар менен ұзақтайды. Тек Аллаға құлшылық менің досым болып қалады. Өйткені ол қабірде менімен бірге, махшарда менімен бірге, сыратта менімен бірге. Сол үшін Аллаға құлшылықты, мойынсұнуды нағыз дос санадым.

Төртіншісі: Барлық адамның дұшпаны бар екенін көрдім. Дұшпанға дұшпандық жасау керек және одан ұзақ болу керек. Шайтан мен кәпірлерді дұшпан деп санадым. Шайтанның дұшпандығын ең жаманы деп есептедім. Өйткені ол мені көреді, мен оны көре алмаймын. Өзімен бірге менің де тозаққа кіргенімді қалайды. Оның дұшпандығымен күресіп, басқа ешкіммен жауласпадым.

Бесіншісі: Барлық адамның бір үйі бар екенін көрдім. Үйге жөндеу жүргізу керек. Мен де қабірді үйім деп есептеп, оның құрылысымен шұғылдандым.

Алтыншысы: Әр нәрсенің сұраушысы және алушысы бар екенін көрдім. Өлім періштесінің менің сұраушым деп есептедім. Маған қашан келетінін білмеймін. Ал маған келгенде кешіктіруін сұрай алмаймын.

 

0 пікір