Өлімді ұмытпа, Омар!
Өлімді ұмытпа, Омар!
25.04.2015 15:16
5386
0

 Омар ибн Хаттаб халифа болған кезінде біреуге әділетсіздік жасап қояр ма екенмін деп қатты қорқады екен. Сол себепті  өз ақшасына бір адам жалдап, күн сайын маған өлім туралы ескертіп тұр деп тапсырма береді. Сол күннен бастап ол кісі Құдайдың құтты күні Омарға келіп: «Өлімді ұмытпа, әй, Омар» деп ескертіп кетеді екен.  Арада бірталай уақыт өтті. Бір күні осы ескерту тағы да жасалғанда, хазрет Омар былай деді: «Сен енді бұл жұмыстан боссың, бауырым. Енді маған сенің ескертуің қажет емес».
-  Не болып қалды, Омар. Жап-жақсы іс еді. Бұдан бас тартқаның қалай, - деді.
-  Мына менің сақал-шашымның бозғыл тартып ағарғанын көрдің бе? Бұлар енді маған күн сайын өлім жайлы ескертіп тұратын болады, - деді қайран халифа.

Аударған Асылбек Әуезханұлы

0 пікір