НЬЮТОННЫҢ АЙТҚАН АҚЫЛЫ
НЬЮТОННЫҢ АЙТҚАН АҚЫЛЫ
13.05.2020 14:32
779
0

Аты әлемге әйгілі физик Ньютон Күн жүйесіне ұқсас бір бөлмелік аппарат жасаған. Бұл аппараттың ерекшелігі сол – тетігін басқанда бөлмедегі күллі планета атаулы есепті жылдамдықпен өз осі мен Күнді айнала бастайды.

Бірде Алла Тағала туралы түсінігі жоқ жақын досы үйіне келіп, таңданысын жасыра алмай:

– Неткен керемет! Бұл аппаратты жасаған кім? − деп сұрайды.

Ньютон сыр алдырмай:

– Өздігінен пайда болған да, әйтпесе ешкім де жасаған жоқ, – деп жауап береді.

– Әсте сен менің не дегенімді түсінбеген боларсың, – деп досы сұрағын қайта қояды. Сонда оған титімдей ой салмақ болған Ньютон:

– Әрине, түсіндім. Дегенмен, бұл аппарат өз-өзінен кенеттен пайда болды. Сөйтті де эволюция (сатылай даму) жолымен осындай дәрежеге жетті, – деп жауап береді әлі де сыр алдырмаған қалпы.

– Мұндай сандыраққа сенетін мені кім деп ойлап тұрсың? – деп, әлгі ашуға мінеді. Сонда дәл осы сәтті күтіп тұрған Ньютон досының иығына қолын салып:

– Көз алдыңдағы бұл аппарат – заңдылықтары өзіңе де таныс теңдессіз күн жүйесінің қарапайым ғана макеті. Сен енді көз алдымыздағы бұл макеттің де әйтеуір бір жасаушысы болуы қажет екенін талассыз қабылдап тұрсың. Ендеше, бұдан сан есе үлкен ғажайып күн жүйесінің де бір жаратушысы бар екенін қалайша түсінбейсің? – деп, досына үлкен ғибрат ұқтырумен қатар, көкірегіне иман ұшқынын да ұялатқан екен.

 

0 пікір