Неге жылайсың?
Неге жылайсың?
17.09.2015 13:21
3963
0

      Бірде Әбу Бәкір (р.а.) Омарға (р.а.):
-         Жүр, Үммү Айманның қал-жағдайын біліп қайтайық. Алла елшісі (с.ғ.с.) оның үйіне жиі баратын еді, - дейді. (Ол кезде Алла Расулы (с.ғ.с.) мәңгілік сапарға аттанып кеткен болатын).
       Үммү Айман (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бала күніндегі күтушісі болған еді. Алла елшісі (с.ғ.с.) оған аса мейіріммен қарап, қатты құрметтейтін. Денсаулығына мән беріп, үнемі көмектесіп тұратын.
       Үммү Айман (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жақындарын көргенде қатты жылады. Қонақтары Алла елшісінің (с.ғ.с.) жоқтығына жылап отырған болар деп былай жұбатады:
-         Неге жылайсың? Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Алламен қауышқаны әлдеқайда жақсы емес пе? 
       Сонда Үммү Айман (р.а.):
-         Мен оған жылап отырғаным жоқ. Алла елшісінің (с.ғ.с) ол жақта болғаны жақсы екенін білмейді дейсіңдер ме? Мен Құран аяттарының енді түспейтініне жылап отырмын, - депті.
       Бұл сөздерді естіп Әбу Бәкір (р.а.) мен Омар (р.а.) да көз жастарына ерік береді.

 

0 пікір