Нағыз демократия осы емес пе?
Нағыз демократия осы емес пе?
13.04.2015 15:08
8474
0

     Хазрет Омар ауырып қалған болатын. Сонда дәрігерлер оған бал жеңіз деп кеңес берді. Өкінішке қарай, бал жасалатын маусым болмағандықтан базарлардан іздеген нәрсе табыла қоймады. Сол кезде мемлекеттік қазынашылар қоймада бал бар екенін хабарлады. Қазынадан алса болатынын айтты. Сонда әділетті Омар: «Халықтың малын олардың рұқсатынсыз алып жеуге ақым жоқ»,-деді. Сөйтті де ел-жұртты жинап қазынадағы балдан алуға рұқсат беретін-бермейтіндерін сұрады. Сонда жиналған қауым ақысын төлесін де ала берсін деп жауап қайырды. Міне, сонда ғана Хазрет Омар өз қалтасындағы ақшасына балды сатып алып, емі үшін қолданды. Алладан шынайы қорқу деген осы болса керек. Нағыз демократия деген де осы!

 

 

Ұқсас материалдар

Екі бірдей жаза

Нағыз демократия осы емес пе?

Қатемді айтар ма екен?...

Иманына қарай кезекке тұру

Маған көздің қажеті не?

 

0 пікір